Шетелдіктер қазақстандықтардың Дастан Сәтпаевқа көрсеткен қолдауына таңғалды
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде команда Сиднейде болған кезінде жас футболшыны қолдауға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер түсірген ондаған бейнеролик жарияланды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Kairat Sydney (@fc_kairat_sydney) жариялаған жазба
Дастан түскен видео астында 22 мыңға жуық пікір жазылды
"Челсидің" Дастан Сәтпаев көрінген жарияланымдарының бірі 22 мыңға жуық пікір жинады. Хабарламаларның басым бөлігін қазақстандық қолданушылар қалдырған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
Пікірлердің көпшілігі қолдау сөздері, футболшының есімі, Қазақстан туы эмодзиі және сәттілік тілеген жазбалар.
"О, Дастан Сәтпаев!", "Сәтпаевты бірінші кезекте көрсетуге болатын еді. Оны көру үшін видеоны соңына дейін қарауға тура келді. Болашақта ескеріңіздер", "Алға, Қазақстан!", "Дастан Сәтпаевты жиі көрсетіңіздер", "Дастан автобустан бірінші болып шығуы керек!", "Дастанды қолдаймыз", - деп жазды пікір қалдырушылар жарияланым астына.
Көбі тек Қазақстан туы эмодзиін қалдырды, нәтижесінде пікірлер легі тез арада көк ту тізбегіне айналды.
Кейбір қолданушылар клубтың медиа-командасы Сәтпаевты әдейі видео соңына қарай көрсетті деп әзілмен болжам жасады.
"СММ-маман бәрін біліп отыр. Видеоны соңына дейін көріп, белсенділікті арттыру үшін Дастанды әдейі соңында көрсеткен. Дастан "Челсиге" ауысқаннан бері қазақстандықтардың жазбаларды мұқият бақылап отырғанын біледі", - деп атап өтті желі қолданушыларының бірі.
Басқалары роликті тек қазақстандық футболшы үшін соңына дейін көргенін мойындады.
Ұқсас жағдай команданың Аустралиядағы оттақ суреті жарияланған пост астында болды. Бұл жазба да 10 мыңнан астам пікір жинады, олардың көбі Дастан Сәтпаевқа арналған.
"Бүкіл Қазақстан суреттен Дастанды іздейді", "Неге біздің бала артта тұр?", "Біздің баланы бірінші қатарға қойып, онымен дұрыс фото жасаңыздаршы", "Керек болса, Қазақстаннан мобилограф жібереміз. Біздің жігітті дұрыстап түсіріңіздер", "Біздің Дастанды бұрышқа ысырып қоймаңыздар", - деп әзілдеді пікір жазушылар.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
Қазақстандық жанкүйерлер Сәтпаевты қолдау үшін Аустралияға барды
Желідегі белсенділіктен бөлек, қолдау Аустралияда да байқалды.
@muraatuly1 @FC Kairat Almaty #дастансатпаев #dastansatpaev #алғақазақстан???????? ♬ түпнұсқа дыбыс - muraatuly
Әлеуметтік желілерде "Челсидің" Сиднейдегі ашық жаттығуына Қазақстан туы мен алматылық "Қайрат" жейдесін алып келген қазақстандық жанкүйерлер түсірген видеолар тарады.
"Бүгін жуырда ғана 17 жасында "Челсиге" ауысқан "Қайраттың" тағы бір тәрбиеленушісін қолдап жатырмыз. Дастан Еуропадағы жаңа өмірге сәтті бейімделіп, шетелде Қазақстан намысын лайықты қорғай береді деп үміттенеміз", - делінген роликтер біріне жазылған сипаттамада.
@diana.kadyl Біздің бала Австралияға келді, тренировкасын жасап алды уайымдамаңдар бәрі жақсы???????? #дастансатпаев #челси #австралия ♬ түпнұсқа дыбыс - Diana.kadyl
Журналистер мәліметінше, ашық жаттығуға 4,5 мыңға жуық жанкүйер барды. Олардың арасында қазақстандықтар аз болмаған.
@diana.kadyl #dastansatpaev #chelsea #дастансатпаев ♬ viva la vida - moiseslyricsss
Сондай-ақ желіде Дастан Сәтпаев өзін қолдауға барған жанкүйерлерге күлімсіреп, қол бұлғаған кадрлары пайда болды.
@muraatuly1 #chelsea #челси #дастансатпаев #dastansatpaev #алғақазақстан???????? @FC Kairat Almaty @Kazakhstan ???????? ♬ түпнұсқа дыбыс - Ka〽️ii
Желі қолданушылары футболшы отандастарын көргенде қатты қуанғанын атап өтті.
"Өзіміздің қазақтарды көргенде бірден жүзі жадырап, жат елде жаны жылып қалды", "Оны әлемнің қиыр шетінде қолдағандарыңызға рақмет! Алға, Дастан!", "Жаным, өздерін көріп, әдемі күлкісімен жымиды", "Қайрат" жейдесін көру оған қандай жағымды болды десеңізші", "Қайда болса да қолдаусыз қалмайтынын түсінді", - деп жазды пікір білдірушілер.
Бұл ретте кейбіреулер жас ойыншыны көп мазаламай, оның жұмысқа зейін қоюына мүмкіндік беруге шақырды.
"Дастанды қатты мазаламаңыздар. Жай жаттыға берсін", - деді желі қолданушыларының бірі.
Скриншот: Threads
Қазақстандықтардың қолдауы туралы шетелдік жанкүйерлер
Қазақстандық жанкүйерлердің ерекше белсенділігін шетелдік футбол аккаунттары да атап өтті.
"Сиднейдегі "Челсидің" көптеген жанкүйері Дастан Сәтпаевты қолдап, Қазақстан туын көтерді!", - деп атап өтті Cfcdoctor фан-парақшасы.
Rising Ballers футбол жобасы да жас қазақстандыққа және жанкүйерлердің ықыласына назар аударды.
Жарияланым авторлары Сәтпаев әлі 18 жасқа толмағанын, бірақ қазірдің өзінде негізгі құрамның маусым алдындағы дайындығына тартылып, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып келе жатқанын атап өтті.
Скриншот: Threads
Сондай-ақ олар егер Дастан ағылшын Премьер-лигасында дебют жасаса, турнир тарихындағы тұңғыш қазақстандық футболшы болатынын, оның отандастары ойындар мен жаттығуларға Қазақстан туы мен "Қайрат" жейдесін алып келіп, ойыншыны белсенді қолдап жүргенін атап өтті.
"Отандастарының оған көрсетіп жатқан махаббатына таңғалдым. Оның үлкен биіктерді бағындыруын тілеймін", "Мен қырғызбын, Дастан үшін Челси жанкүйері болдым", "Неге Қазақстан туы соншалықты көп", "Қазақстандықтар өз жігіттерін қалай қолдайтыны маған қатты ұнайды", - деп жазды шетелдік жанкүйерлер.
Маусым алдындағы турне жалғасып жатыр
Кеше "Челси" Сиднейге барды, онда 28 шілдеде жергілікті "Вестерн Сиднеймен" матч өткізеді, ал 1 тамызда "Тоттенхэммен" кездеседі.
Одан кейін команда турненің азиялық бөлігін жалғастырады: 5 тамызда Гонконгта "Ювентуспен", 8 тамызда Индонезияда "Миланмен" және 9 тамызда Малайзияда "Джохор Дарул Такзиммен" ойнайды. Барлық кездесу Қазақстан уақыты бойынша күндіз өтеді.
Бұған дейін маусым алдындағы турне кезінде Дастан Сәтпаев 36-шы ойын нөмірін иеленгені белгілі болды.
Кейінгі күндері қазақстандық жас шабуылшы британдық БАҚ-тың да назарына ілікті, олар оның лондондық клуб сапындағы алғашқы жаттығулардан кейінгі физикалық дайындығына мән берді. Британдық баспасөздің хабарлауынша, кейбір журналистер Сәтпаевтың физикалық дайындығын ағылшын футболының жұлдызы Джек Грилишпен салыстырып үлгерген.
Сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлер жас футбол жұлдызының еуропалық клубтағы алғашқы қадамдарын бақылауды жалғастырып, "Челсидің" әрбір жаңа жарияланымы астына мыңдаған жылы тілек пен қолдау пікірлерін жазып жатыр.
Тағы оқыңыз: “Қайрат“ матчінде футбол емес, саясат жанкүйері ұсталды
