Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қызылорда облысында құс фабрикасы ашылды

0
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданындағы "Абдулла" шаруа қожалығы құс фабрикасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Рәсімде аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларды атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Жаңа инвестициялар ең алдымен, еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек" деген болатын. Бүгінде Жаңақорған ауданында тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі – "Абдулла" шаруа қожалығы құс фабрикасының ашылу рәсіміне куә болып отырмыз.
Кәсіпорын құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінген, жылына 6 мың тоннаға жуық құс етін өндіреді. Өнімі аймағымыздан бөлек, көрші облыстарға да жеткізіледі. Мұнда 120 адам жұмыспен қамтылады. Осындай маңызды жобаны Жаңақорған ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 1,1 миллиард теңгеге салынған су тарату станциясы пайдалануға беріледі.

"МАИ бекеті" және "Алтыкрант" шағын ауданындағы 2 мыңға жуық тұрғын үй сапалы ауызсумен қамтылады. Осы жобалардың жүзеге асырылуы облысымыздың, әсіресе Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Баршаңызды құс фабрикасының ашылуымен тағы да құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Шарада Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы және құс фабрикасын салуға атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Фабрика аумағында 12 қора, құс соятын, балапан ашатын цехтар, әкімшілік, техникалық қызмет көрсету ғимараты орналасқан.
Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд теңгеге 48 инвестициялық жоба іске қосылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Соның ішінде, биыл 100 миллиард теңгенің 21 жобасын іске қосу жоспарланған.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России