Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматылық қыз TikTok-қа ролик түсіріп, сотта жауап берді

0

Алматы тұрғыны TikTok желісіне айырым белгілері мен нышаны бар қызметтік киіммен видео түсірген. Бұл видеоны полицейлер байқап қалып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Іс сотқа дейін жетті. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Алматы тұрғыны не үшін жазаланды?
Іс материалдарында 2026 жылдың 4 қаңтарында Алматы тұрғыны полиция, әскери немесе арнайы қызмет қызметкері болмаса да, айырым белгілері мен нышаны бар қызметтік киім кигені айтылған.

"Алматыда заңсыз түрде формалық киім-кешек пен айырым белгілері және нышаны бар арнайы киім киіп, бейнеролик түсіріп, оны TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған", – делінген құжатта.

Бұл әрекеті үшін оған қатысты ӘҚБтК-нің 675-бабы 1-бөлігі (" Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сотта қыз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Іс WhatsApp арқылы қаралды.
Сот шешімі
Сот хаттаманы, қыздың түсініктемесін, полицейдің баянатын, киімді тәркілеу актісін, TikTok-тағы видео мен суреттерді зерттеді. Бұл материалдар құқықбұзушылық фактісін растады.
Заң бойынша әскери немесе нысанды киімді заңсыз киіп жүргені үшін жеке тұлғаға нысанды киім тәркілене отырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сот қыздың әрекеті ӘҚБтК-нің 675-бабы 1-бөлігі бойынша дұрыс сараланған деп таныды.

"Өз әрекетімен қыз Қазақстан Республикасында нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті киіп жүру ережелерін бұзды", – деп түсіндірді соттағылар.

Нәтижесінде қыздың нысанды киімі тәркіленіп, айыппұл салынды.

"ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған нысанды киімі мен арнайы киім-кешегі тәркілене отырып, 21 625 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынсын", – делінген құжатта.

Бұған дейін Ақтаудағы осыған ұқсас жағдай туралы хабарланған болатын. Онда ер адам жарнамалық ролик түсіру үшін полиция формасын киіп, айыппұл арқалаған еді. Сот мәліметінше, ол Толқын-1 шағынауданындағы мектеп маңында полиция формасын киіп, видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Ер адам кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сот мұны жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, оған 21 625 теңге көлемінде айыппұл салды.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России