Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Футболдан әлем чемпионатына бойкот: ФИФА туралы жаңа мәлімдеме жарияланды

0

УЕФА, КОНКАКАФ және АФК құрлықтық футбол бірлестіктері халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) басшылығына қарсы ашық хат жолдады, деп хабарлайды Tengri Sport УЕФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа мәлімдемеде футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығын жаңа коммерциялық құрылымға беру мүмкіндігіне қатысты дау-дамай "ФИФА-ның қатысуынсыз, тәуелсіз сыртқы сарапшылардың тексеру жүргізуін талап ететіні" атап өтілді.

"Футбол - бұл планетадағы ең ұлы ортақ құштарлық. Ол жеке тұлғаға да, жеке ұйымға да тиесілі емес. Ол ойыншыларға, жанкүйерлерге, клубтарға, ұлттық қауымдастықтарға және оның болашағын сақтау сеніп тапсырылған әрбір институтқа тиесілі. Дәл осы тұрғыда біз, өз мүшелеріміздің атынан өкілдік ететін конфедерациялар, бүгін біртұтас үндеу жариялап отырмыз", - делінген хат мәтінінде.

ФИФА-ның әлем чемпионатын кеңейтуге қатысты барлық жетістігін мойндай отырып, жетекші құрлықтық ұйымдардың басшылары халықаралық федерацияның өз қателіктерін соңына дейін мойындаудан бас тартқанын алға тартып отыр.
"ФИФА-ның вице-президенттер мен 211 ұлттық қауымдастыққа жолдаған жуырдағы хатында бұл процесте қателіктер жіберілгені мойындалады. Бұл коммуникациядағы іркіліс ретінде көрсетілген, алайда шын мәнінде футбол қауымдастығы басқарушылық шешімнің толық күйреуіне куә болды.Қысқа мерзімде, тиісті кеңестерсіз ұсынылған және қауымдастықтар оның шарттарын лайықты түрде зерделеп үлгерместен дедлайнға дейін асығыс итермеленген ұсыныс - немқұрайлылықтың салдары емес, бұл бақылауды шектеуге бағытталған қасақана әрекеттің нәтижесі.Хатта ұсыныстың өзі әу бастан түбегейлі қате болғаны мойындалмаған. Әлем чемпионатындағы үлесті сату әрекеті - жай ғана процедуралық олқылық емес, ФИФА қызмет етуі тиіс институттардың сеніміне жасалған фундаменталды сатқындық және терең сәтсіздік екенін сезіну жоқ", - делінген хатта.
Хатта ФИФА басшылығына тікелей талаптар қойылмаса да, хабарламаның жалпы үні УЕФА, АФК және КОНКАКАФ тарапынан сенімнің жоқтығын аңғартады.

"Бұл футболдың өз басшылығынан күтетін қасиеттері емес. Сондықтан да біз бұл ұстанымды жеңілтектікпен немесе жеке-дара емес, бірлесе отырып - өзіміз қызмет ететін ойын алдындағы парыз сезімімен қабылдадық. Футболдың күші әрқашан оның бірлігінде болды. Біз осы бірлікті құрметтеуге және футболға үстемдік етуге тырыспайтын, керісінше оған қызмет ететін басшылықты қамтамасыз етуге шақырамыз", - деп аяқталады хат.

УЕФА әлем чемпионатына бойкот жариялаған еді: ФИФА кері шегінді
Еске салайық, шілденің аяғында БАҚ-та ФИФА-ның FIFA Forward Enterprise компаниясын құрып, оған футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқықтарының бір бөлігін беруді көздеп отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Іс жүзінде бұл турнирдің шамадан тыс коммерциялануына әкелуі мүмкін екені айтылған болатын.
Бұл мәміле ұйымға шамамен 4 миллиард доллар, ал ФИФА басшылығына жеке бонустар әкелуі мүмкін еді. Жарияланымдар шыққаннан кейін көп ұзамай УЕФА, содан кейін КОНКАКАФ пен АФК оқиғалардың мұндай бағытта өрбуін қатаң сынға алды. УЕФА-ның барлық 55 мүшесі, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы да, егер ФИФА-ның бұл жоспары іске асатын болса, алдағы 2030 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялауға келісті.
Қазақстан футбол федерациясы әлем чемпионатына жасалған бойкотқа пікір білдірді
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы шудан кейін ФИФА құқықтарды беру жоспарынан бас тартатыны туралы мәлімдеме жариялады. Дегенмен, қақтығыс мұнымен аяқталған жоқ.
УЕФА федерация басшылығына және жеке президент Джанни Инфантиноға сенімсіздік білдіріп, ФИФА-ға қысым көрсетуді жалғастырды. Бұған жауап ретінде баспасөз қызметі өз басшысын толық қолдайтыны туралы релиз шығарды.

FIFA leadership holds constructive and positive meeting in Rabat, MoroccoThe FIFA Secretary General and members of the FIFA Management Board in attendance reaffirmed their full support for FIFA President Gianni Infantino, as the only official elected by the 211 FIFA Member… pic.twitter.com/IlmSOq1se8
- FIFA Media (@fifamedia) August 5, 2026







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России