Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан КҚК шектеулеріне байланысты мұнай экспорты үшін қосымша бағыттар іздестіріп жатыр

0

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) тарапынан енгізілген уақытша шектеулерге байланысты Қазақстан мұнай экспортының қосымша бағыттарын қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, шілдеде КҚК мұнай қабылдауды уақытша шектегендіктен, шикізаттың бір бөлігін басқа бағыттарға бұруға тура келген.

"Мұнай көлемінің бір бөлігі басқа тасымалдау бағыттарына, атап айтқанда Ақтау порты, Атасу - Алашанькоу бағыты, сондай-ақ Атырау - Самара бағыты бойынша қайта бағытталды", - деді Әсел Серікпаева.

Сонымен қатар Қазақстан экспорттың қосымша нұсқаларын зерделеп жатыр. Олардың қатарында Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры, Каспий теңізі арқылы Әзербайжан аумағымен тасымалдау және Баку - Супса бағыты бар.
Бұл ретте Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай қазірдің өзінде тасымалданып жатыр. Жеткізілім көлемі жылына шамамен 1,2 миллион тонна болады.
Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, Әзербайжан аталған бағыт бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау көлемін жылына 2,2 миллион тоннаға дейін арттыруға дайын.
Осылайша, Баку - Тбилиси - Джейхан бағыты бойынша жеткізілім көлемі жылына шамамен бір миллион тоннаға өсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Қазақстан Каспий құбыр консорциумындағы шектеулер кезеңінде 300 мың тоннаға жуық мұнайды басқа бағытқа бұрған болатын. Мұнай экспорттық бағыттар бойынша: Германия, Қытай, Баку - Тбилиси - Джейханға, сондай-ақ Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы әрі қарай жеткізу үшін ҚТО жүйесіне бағытталды.
КҚК-ға жасалған шабуылдар
19 шілдеде Қара теңіздегі КҚК теңіз терминалында тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде, ASIA және NISSOS IOS атты екі танкерге дрондар арқылы шабуыл жасалды. Бұл кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеп жатқан болатын. Танкерлер бортында халықаралық экипаждар болды. Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Энергетика және Сыртқы істер министрліктері мәлімдеме жасады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, кемелерге жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ. ВПУ-1 және ВПУ-3 қашықтан айлақтау қондырғылары зақымданбаған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мұндай шабуылдарды елдің экономикалық мүдделеріне жасалған жол берілмейтін қолсұғушылық деп атады. Сондай-ақ ведомство серіктес мемлекеттерді мұндай әрекеттерді қатаң айыптауға және тиісті жауап шараларын әзірлеуге шақырды.
30 шілдеде КҚК теңіз терминалы айдынында дрондар тағы да екі танкерге шабуыл жасады. Салдарынан бір кемеде өрт шықты.
31 шілдеде Қазақстан Энергетика министрлігі кейбір БАҚ-та тараған Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтауы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Сол кезде ведомство мұндай сценарий қарастырылып жатқан жоқ екенін атап өтті.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России