Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Отбасы банк“ басшысы несие төлемін кешіктіруге қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

0

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтарды несиелер мен қарыздарды, соның ішінде шағын несиелерді де уақтылы өтеуге шақырды. Оның айтуынша, мерзімін өткізіп алған әр күн кейіннен қарыз алушының скорингтік балына және банктің несие бойынша шешіміне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте Ибрагимовадан қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын белсенді пайдалануы аясында "Отбасы банк" клиенттерінің өтінімдері бойынша бас тартулар санының артқан-артпағаны сұралды.
Оның айтуынша, бас тартулар саны шамамен бұрынғы деңгейде қалған. Бұл ретте бас тарту туралы шешімді адамның бұрынғы несие тарихын ескеретін скорингтік жүйе қабылдайды.

"Ол есептеулерді көбіне сіздің бұрынғы несие тарихыңызға, яғни қандай берешектеріңіз бен мерзімі өткен төлемдеріңіз болғанына сүйене отырып жасайды. Сондықтан барлық қазақстандықты, тіпті микроқаржы ұйымдарынан, ломбардтар мен екінші деңгейлі банктерден өте аз мөлшерде қарыз алатындарды да, төлем мерзімін өткізіп алған әр күн кейін скорингтік балыңызға қатты әсер ететінін білуге шақырамын", - деді Ибрагимова.

"Отбасы банк" басшысы қазақстандықтардың бас тартуларға қатысты оған e-Otinish және әлеуметтік желілер арқылы жүгінетінін айтты. Алайда скорингтік жүйенің шешімін қолмен өзгерту мүмкін емес.

"Өкінішке қарай, скорингтік жүйе оған адамның араласа алмайтындай принципіне негізделген. Демек, ол сіздің бүкіл тарихыңызды есептеп, балыңызды төмендеткен", - деп түсіндірді банк төрайымы.

Скорингтік жүйе деген не?
Несиелік скоринг - бұл банкке әлеуетті қарыз алушының несие қабілеттілігін және ақшаны уақтылы қайтару ықтималдығын анықтауға көмектесетін автоматтандырылған бағалау жүйесі.
Ибрагимованың сөзінше, "Отбасы банк" жағдайында жүйе клиенттің бұрынғы несие тарихын, соның ішінде берешектері мен мерзімі өткен төлемдерінің бар-жоғын талдайды. Осы деректер негізінде скорингтік балл есептеледі.
Қарыз алушының бағасы неғұрлым жоғары болса, банктің несие беру кезіндегі болжамды тәуекелі соғұрлым төмен болады. Төлем мерзімін өткізіп алу және проблемалық берешектер скорингтік балды төмендетіп, тиісінше өтінім бойынша шешімге әсер етуі мүмкін.
Бұл ретте, Ибрагимованың айтуынша, банк қызметкері скорингтік бағалауға қолмен араласып, жүйе есептеген баллды өзгерте алмайды.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) құжат әзірлеген болатын, оған сәйкес несиелік есептерден автокөлік пен басқа да жылжымалы мүлік кепілімен берілген микронесиелер бойынша мерзімі өткен төлемдер, айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы ақпарат алынып тасталады.
Егер құжат күшіне енсе, ломбардтардағы қарыздар бойынша мерзімін өткізіп алу жағдайлары қазақстандықтардың несие тарихына әсер етпеуі мүмкін.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России