Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Магистратура гранттары-2026: құжаттарды қалай тапсыруға болады және қандай мерзімді өткізіп алмау керек?

0

Қазақстанда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы онлайн немесе таңдалған жоғары оқу орнына барып, жеке тапсыруға болады. Tengri Education құжат тапсыру барысы мен маңызды мерзімдер туралы баяндайды.
Грантқа құжаттарды қалай тапсыруға болады?
Конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау 12-18 тамыз аралығында өтеді. Құжаттарды екі жолмен - онлайн немесе жеке барып тапсыруға болады. Қашықтан тапсыру кезінде құжаттар кейбір университеттердің виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады. Ал офлайн форматта тапсыру үшін таңдалған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына бару қажет.Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейіндік бағыт бойынша – 24 балл болды. Ең жоғары балл – 139.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытына түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіндік бағытқа – 30 балл.Өтініш беру кезінде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.Құжаттарды онлайн қалай тапсыруға болады?
Университеттер бірінің мәліметінше, алдымен талапкер құжат тапсыруды жоспарлап отырған үш жоғары оқу орнын таңдауы тиіс.
Содан кейін таңдалған университет сайтынан виртуалды қабылдау комиссиясын табу қажет. Жоғары оқу орнына байланысты комиссиямен байланыс Zoom немесе Microsoft Teams арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Талапкерлер кезекпен қабылданады.
Байланысқа шығар алдында құжаттардың түпнұсқасын және PDF форматындағы электронды көшірмесін дайындап қою керек.Құжаттар тексерілгеннен кейін өтінішке қол қойып, PDF форматында сақтап, қабылдау комиссиясына қайта жіберу қажет.Қандай құжаттар қажет?

жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);жеке басын куәландыратын құжат;075/у нысанындағы медициналық анықтама;
Кешенді тестілеу (КТ) сертификаты;еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі барларға);ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда);шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL iBT, DSH, TestDaF, TFI, DELF, DALF, TCF және т.б. - болған жағдайда);GRE халықаралық сертификаты (болған жағдайда).

Онлайн қабылдау комиссиясы бар университеттерді мына сілтеме арқылы көруге болады. Құжаттарды жеке барып қалай тапсыруға болады?
Офлайн режимде тапсыру кезінде таңдалған университеттің қабылдау комиссиясына жүгіну қажет. Бұл жағдайда құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қолыңызда болу керек.Әдетте жоғары оқу орындары мыналарды талап етеді:

ЖОО ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;көлемі 3×4 сантиметр болатын алты сурет;№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама;КТ сертификаты;шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (болған жағдайда).

Бұл ретте құжаттардың нақты тізімі университетке байланысты өзгеше болуы мүмкін, сондықтан тапсырар алдында таңдалған ЖОО-ның қабылдау комиссиясынан талаптарды нақтылап алған жөн.
Грантқа қанша адам үміткер?
Биыл магистратураға түсу үшін 58 мыңға жуық адам тестілеуден өтті.
Барлығы 11 мыңға жуық білім беру гранты бөлінген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ең көп орын педагогикалық, инженерлік және IT бағыттарына қарастырылған.

7М01 "Педагогикалық ғылымдар" - 3 059 грант.7М07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" - 1 819 грант.7М06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" - 1 141 грант.

Былтыр қанша грант болды?
Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025–2026 оқу жылында магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары конкурсына 20 мыңнан астам адам қатысты.
Гранттар кешенді тестілеу нәтижесі бойынша бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл және бейінді бағыт бойынша кемінде 30 балл жинауы тиіс болатын.
Былтыр магистратураға түсушілер үшін 13 мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты қарастырылған еді.
Нәтиже қашан белгілі болады?
Биыл магистратураға гранттар конкурсына қатысу үшін өтінімдер 12–18 тамыз аралығында қабылданады.Құжаттарды онлайн тапсыруды жоспарлап отырғандарға таңдалған университет талаптарын алдын ала тексеріп, құжаттардың электронды көшірмелерін дайындау және виртуалды қабылдау комиссиясымен байланыс тәртібін нақтылап алу ұсынылады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
Тағы оқыңыз: “Қуаныштан жылап отырмын“: желіде болашақ студенттердің алғашқы әсері пайда болды







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России