Қазақстандықтарға маңызды хабарламалар келеді: ОСК мерзімін атады
12 тамызда ОСК-да өткен брифингте журналист сайлаушыларды хабардар ету үшін дәстүрлі әдістерден бөлек қандай цифрлық құралдар қолданылатынын сұрады.
Өтемісовтің айтуынша, қазақстандықтарға бірнеше хабарлама жіберіледі:
eGov Mobile - 11 және 17 тамызда push-хабарлама;
Kaspi және Halyk - 12 және 19 тамызда хабарлама;
Байланыс операторларынан SMS - 14 және 21 тамызда.
"Осылайша, азаматтарды цифрлық хабардар ету eGov Mobile қосымшасындағы push-хабарлама, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы келетін хабарлама, сондай-ақ байланыс операторлары көмегімен SMS-хабарлама арқылы жүзеге асырылады", - деді Шавкат Өтемісов.
Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Қазақстандықтар өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын арнайы онлайн-сервистер, сондай-ақ eGov Mobile қосымшасы арқылы алдын ала біле алады.
Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауы: дауыс беретін учаскеңізді қалай табуға болады?
