Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қызылордада Жастар күні Open Air концертімен қорытындыланды

0
Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігінің қорытынды шарасы өтті.
Онкүндік "Жастармен бірге!" атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді. Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке 12 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады.


"Жастар – елдің ертеңін күтетін буын ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Мереке қарсаңында соңғы он күн ішінде өңірімізде жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл – жастар саясатының бір күндік науқаны емес, жүйелі әрі тұрақты бағыт екенін көрсетеді. Сыр жастары қай кезде де елдік бастамалардың бел ортасынан табылып келеді", – деді Қайрат Ырзақұлұлы.


Жастар мерекесіне арналған онкүндік аясында өңір жастарының басын қосқан қоғамдық, мәдени, спорттық, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты назар жастардың белсенділігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.
Сонымен қатар, "Таза Қазақстан", "Заң мен тәртіп", "Адал азамат" қағидаттарын насихаттауға арналған мазмұнды кездесулер мен түрлі акциялар, интеллектуалдық ойындар, пікірталас алаңдары және шығармашылық жобалар өткізілді.
Аталған бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Кеш барысында жергілікті өнерпаздармен қатар, қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары MYNBAY, Қайрат Түнтеков және Досбол Нұрылла өнер көрсетіп, көпшілікке танымал әндерін орындады. Танымал орындаушылардың өнері мерекелік кештің ажарын ашып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Суреттер: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осылайша, Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік Қызылордадағы ауқымды "Жастармен бірге!" Open Air концертімен қорытындыланып, жас буынның жалынды үні мен шығармашылық қуатын, белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйін тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России