Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Индонезиядағы жойқын жер сілкінісінен 47 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды

0

Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара (NTT) провинциясында магнитудасы 7,7 жер сілкінісінен 47 адам қаза тапты. Жойқын зілзаладан кейін 341 афтершок тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz индонезиялық detiknews сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Табиғи апат салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттіктің (BNPB) апаттар жөніндегі деректер, ақпарат және байланыс орталығы басшысының міндетін атқарушы Бертон СП Панджаитан мәлімдеді. Оның айтуынша, ең көп адам Манггарай округінде қаза тапқан - 23 адам. Шығыс Манггарайда 17 адам көз жұмған.

Ресми өкілдердің мәліметінше, көшкін жолдарды жауып, байланыс үзілгендіктен, құтқарушылар жер сілкінісінің эпицентріне ең жақын орналасқан Нагекео өңіріне әлі жете алмай отыр.

Мыңнан аса ғимарат бүлінген, олардың басым бөлігі қатты зақымданған. Арасында ондаған әлеуметтік нысан бар. Соның ішінде 93 білім беру мекемесі, 36 медициналық және 38 мемлекеттік мекеме зардап шеккен.

Табиғи апат салдарынан 5 мыңнан аса адам эвакуациялануға мәжбүр болды.

Таңертеңгі жер сілкінісінен кейін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы елдің бірнеше өңірінде биіктігі 1 метрге жетпейтін цунами толқындары тіркелді. Шамамен үш сағаттан кейін билік цунами қаупі туралы ескертуді алып тастады.

Еске салайық, магнитудасы 7,7 жер сілкінісі Индонезияда сенбі, 15 тамызда таңертең ерте болды. Жер сілкінісінің ошағы Индонезияның Флорес аралына жақын жерде орналасқан. Одан кейін магнитудасы 6,2 тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Лабуан-Баджо қаласынан 102 шақырым жерде болған.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России