Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Өте қиын күн“: Рыбакина Цинциннатидегі маңызды жеңісі туралы пікір білдірді

0

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) турнирдің үшінші айналымындағы матч кезінде ауа райының қолайсыздығына қалай төтеп бергенін айтып берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық спортшы польшалық теннисші Магдалена Френхті 6:4, 7:6 есебімен жеңіп, WTA 1000 сериялы турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бірінші сетте ойын жаңбырға байланысты тоқтатылған болатын.

"Шыны керек, күн өте қиын болды. Әр жолы корттан шыққанда не күн бұлттанып, ауа өте ылғалды болып тұрды, не күн шақырайып шығып, теріні күйдіріп жіберді", - деді Рыбакина ойыннан кейінгі сұхбатында.

- Эфирге шықпай тұрып, матчтің үш сетке созылмағанына қуанышты екеніңізді айттыңыз. Бірақ сол тай-брейкте жеңіске жету үшін не істеу керек болды?

"Өзіңіз айтқандай, менде мүмкіндіктер болды. Үш матч-бол болды, шынымды айтсам, жағдайды бақылауда ұстап тұрғанымды сезіндім және назарымды аудармауға тырыстым.
Бірақ, әрине, күн осындай ұзақ болып, физикалық тұрғыдан шаршағанда, зейінді сақтау қиын. Сондықтан тай-брейктің менің пайдама шешілгеніне қуаныштымын. Мен тек доп беруге көңіл бөліп, мүмкіндігінше көп ұпай жинауға тырыстым", - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, алдыңғы кезеңде Елена Рыбакина америкалық Тейлор Таунсендті де екі сетте жеңген болатын.

Елена Рыбакина Цинциннатиде Френхті жеңгеннен кейін“Шыны керек, бүгін ессіз күн болды. Әр жолы корттан шыққанда не күн бұлттанып, ылғалдылық артады, не күн шығып, теріні күйдіріп жібереді ????. Достар, мұнда қалай шыдап отырғандарыңызды білмеймін. Көп рақмет. Бұл өте... pic.twitter.com/69KIzp0mMA
- The Tennis Letter (@TheTennisLetter) 17 тамыз, 2026 жыл
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күресіп жатыр
Әрбір жеңіс Елена Рыбакинаны тарихи жетістікке жақындата түседі – ол әлемдік теннис рейтингінің шыңына көтерілген Қазақстанның алғашқы теннисшісі атануы мүмкін.
Цинциннати турнирі басталғанға дейін қазақстандық спортшы беларусьтік Арина Соболенкодан 354 ұпай қалып келе жатқан болатын. Қарсыласын басып озу үшін Рыбакинаға турнирде жеңіске жету керек, сонымен қатар Соболенко финалға дейін жетпеуі тиіс.
Беларусьтік басты қарсыласы бүгін үшінші айналымда қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.
Елена Рыбакинаның келесі матчі
Цинциннати турнирінің 1/8 финалында Рыбакина әлемнің 14-ракеткасы ресейлік Диана Шнайдермен ойнайды. АҚШ-тағы кездесуге дейін қарсыластар тек бір рет кездескен – 2026 жылдың сәуірінде Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирде қазақстандық спортшы 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын.
Алдын ала мәлімет бойынша, ойын 19 тамыз кешке жоспарланған, бірақ уақыты өзгеруі мүмкін.
Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России