Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Өзімді кінәсіз деп санаймын“. Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сотталушы сотта сөз сөйледі

0

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы кінәсін мойындамады. Бүгін ол сотта өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сотталушылар қатарында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр.
Судья Меруерт Абаеваның тағылған айыптарға қатысты ұстанымын білдіргісі келе ме және айғақ бере ме деген сұрағына Жұбаниязова: "Өзімді кінәсіз деп санаймын" деп жауап берді.
Судья тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындай ма деп қайталап сұрады, бұған Жұбаниязова: "Жоқ, мойындамаймын", - деп жауап берді.

– Толықтай мойындамайсыз ба? – деп нақтылады судья.
– Жоқ, мойындамаймын, – деп қайталады сотталушы.

Бүгін сот дәлелдемелерді зерттеу тәртібін де бекітті: алдымен жәбірленушілерден, содан кейін куәгерлерден және сотталушыдан жауап алынады. Содан кейін сот іс материалдарын жариялауға және тіркелген бейнежазбаларды қарауға көшеді.

"Бұған дейін сот қорғау тарапының қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырғанын ескере отырып, сот отырысында 2026 жылғы 20 тамыз сағат 10:00-ге дейін үзіліс жарияланады", - деп түйіндеді судья.

Осылайша, Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша келесі сот отырысы 2026 жылғы 20 тамыз сағат 10:00-ге белгіленді.
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі тікелей эфирде өтетіні белгілі болды. Трансляцияны Tengrinews.kz сайтының YouTube-арнасынан көруге болады.

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі
Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.
Процеске екі мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов пен Саяжан Серікова, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова және марқұмның күйеуі Әділет Зейнел қатысып жатыр.
Бұған дейін адвокат Мұрат Мәуметов журналистерге Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен Ұлдананың анасының пайдасына бас тартатынын айтқан болатын. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Зейнелдің өзі журналистерге қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.
Еске сала кетейік, сотталушылар қатарында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы отыр. Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбеков журналистерге хабарлағаны бойынша, іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы "Міндеттерге адал қарамау" бойынша қаралып жатыр.
Қайғылы оқиға қалай болды?
2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России