Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы тауларынан адам сүйектері табылды: ТЖД не дейді?

0

Беларусьтен келген туристер Алматы тауларынан адам сүйектерін тауып алды. Тиісті жазба әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Facebook-тегі жазба авторының айтуынша, оның беларусьтік достары екі апта бойы Алматы тауларында болған, ал төмен түсу кезінде адам сүйектеріне тап болған.

"Жексенбіде, 16 тамызда, менің беларусьтік достарым - тау туристері біздің таулардағы екі апталық тректен кейін төмен түсіп, маған хабарлады. Олар Северцов мұздығынан туристің сүйектерін тапқандарын айтып, видеосын көрсетті", - деп жазды қазақстандық әйел Facebook парақшасында.

Туристер бірден құтқарушыларға хабарласқан. Әйелдің сөзінше, қазіргі уақытта жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті биіктен денені тасымалдау шараларын қабылдау үшін полициядан жауап күтіп отыр.
Алматы тауларынан адам сүйектері табылды. Фото: facebook.com/akhmetova.kz

"Денені мұздықтан түсіру, қаза тапқан адамның кім екенін анықтау, сүйектерді туыстарына тапсыру, тіпті ДНҚ сараптамасын жасау қажет екені түсінікті", - деп жазды ол.

ТЖД не дейді?
Алматы ТЖД өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне жағдайдан хабардар екенін және полиция департаментімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Бірден іске кірістік. Бұл жағдайда құтқарушылар алқалы түрде жұмыс істейді, шешімді жалғыз қабылдамайды. Өйткені хабар-ошарсыз кеткендердің базасы бар, туыстарының өтініш білдірген-білдірмегені ескеріледі. Біз полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Қазір іс-қимыл алгоритмін нақтылаймыз. Құтқарушылар әрдайым дайын. Бұл бір күндік экспедиция емес", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Материал жарияланар тұста ТЖД өкілдері ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе кемесі мен "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары денені Северцов мұздығынан түсіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшып кеткенін қосты.

"Дене төмен түсірілгеннен кейін Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылады. Жұмыс барысы айтарлықтай биіктікке, аймақтың жетуге қиындығына, күрделі тау рельефіне, тік беткейлер мен биік таудағы қатал жағдайларға байланысты қиындап отыр", - деп толықтырды ТЖД.

Редакция жауап алу үшін Алматы облысының Полиция департаментіне жүгінді.
Бұған дейін Семейдегі құрылыс алаңында адам сүйектері табылған болатын. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты полиция растады. Кейінірек Семейдегі "Пищевик" стадионының аумағынан табылған адам сүйектеріне қатысты іс күтпеген бағытқа бұрылды. Қала тұрғындарының бірі табылған сүйектер сегіз жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп болжады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России