Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ Иранға қарсы “тарихтағы ең қатаң“ санкциялар салатынын мәлімдеді

0

АҚШ Иранға қарсы "тарихтағы ең қатаң санкцияларды" енгізеді деп мәлімдеді бейсенбіде Қаржы министрі Скотт Бессент. Вашингтон негізгі назарды экономикалық шараларға аударады, бұл Бессенттің пікірінше, Тегеранға қарсы жаңа ірі әскери операциялардың қажеттілігін азайтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz CNBC сайтына сілтеме жасап.
Оның бұл мәлімдемесі президент Дональд Трамптың бір күн бұрын айтқан "экономикалық соғыс" туралы қоқан-лоқысынан және Иранға "қандай да бір қолдау" көрсететін кез келген ел үшін экономикалық салдарлар болатыны туралы ескертуінен кейін жасалды.

"Бұл - қосарланған соққы. Біз (Иранға) блокада орнаттық және тарихтағы ең қатаң санкцияларды енгізгелі жатырмыз. Бұл Иранда өз нәтижесін береді және біз бұл режимді құлатамыз. Одақтастарымыз бен бүкіл әлем үшін шешім қабылдайтын уақыт келді", - деді АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы.

Бейсенбіде АҚШ-тың қаржылық санкциялар енгізу туралы қатаң ескертулерінен кейін мұнай бағасы кейінгі үш аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұл санкциялар Таяу Шығыстың миллиондаған баррель мұнайының бұғатталуына себеп болған, алты айға жуық уақытқа созылған соғысты тоқтатуға бағытталған.
АҚШ пен Иран сәуір және маусым айларында Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын қалпына келтіру және қақтығысты тоқтату мақсатында екі рет атысты тоқтату туралы келісім жариялаған болатын, бірақ екі келісім де тез арада бұзылды.
Бессенттің сөзінің алдында Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың экономикалық және сауда санкцияларын айыптап, оларды қарапайым ирандықтарға қарсы бағытталған "экономикалық терроризм" және адамзатқа қарсы қылмыспен тең деп атады.
Сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі жазбасында Трамп егжей-тегжейлі мәлімет бермесе де, "бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыс пен оқшаулау" туралы айтқан болатын.
Иран 1979 жылғы Ислам революциясынан бері, яғни 50 жылға жуық уақыт бойы үздіксіз әрі қатаң экономикалық санкцияларға төтеп беріп келеді.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России