Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда пәтерақының жартысын кімдерге мемлекет төлейді?

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібі қолданылады. Мұндай көмекті кімдер ала алатынын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атаулы көмек тетігі бойынша жалдау ақысының 50 пайызы мемлекеттік субсидия есебінен өтеледі, ал қалған 50 пайызын алушы өзі төлейді.
Мұндай қолдауға мына санаттағы қазақстандықтар үміткер бола алады:

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар;
көпбалалы отбасылар.

Бұл ретте отбасының әр мүшесіне шаққандағы кейінгі 6 айдағы жиынтық табыс 1 күнкөріс минимумынан аспауы керек. 2026 жылы бұл көрсеткіш 50 851 теңге. Сондай-ақ, көмек алу үшін азаматтың әкімдікте баспанаға мұқтаж ретінде тиісті санат бойынша есепте тұрғаны расталуы қажет.
Субсидия алу үшін өтінім Отбасы банктің ресми сайты арқылы беріледі.

"Өтінім беру барысында тұрғын үйді жалға беруші ЭЦҚ арқылы келісімін растауы керек. Барлық талап орындалған жағдайда Отбасы банк, субсидия алушы және жалға беруші арасында үшжақты келісімшарт жасалады", - деп хабарлады министрлік.

2022 жылдан бері мұндай субсидияны 45 514 қазақстандық отбасы алған. Оның ішінде 34 246 алушымен келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған: 20 424 отбасы жалдамалы немесе несиелік баспанаға қол жеткізсе, 13 822 отбасымен шарт талаптарды сақтамағандықтан бұзылған.
Қазір 11 268 отбасы субсидия алып отыр.
Бұған дейін Қазақстанда басқа өңірге қоныс аударған азаматтарға баспана үшін 7 миллион теңгеге дейін төлем берілетіні хабарланған еді. Бұл жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысты.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России