24-26 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 24, 25 және 26 тамызда ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Астанадағы ауа райы
24 тамызда көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +21...+23 градус.
25 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус.
26 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градус.
Алматыдағы ауа райы
24 тамызда көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.
25 тамызда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +24...+26 градус.
26 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кейде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус.
