Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Смартфон - TikTok-қа телміретін құрал емес. Тоқаев цифрландыру мен ЖИ қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін айтты

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беріп, кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Tengrinews тілшісі Айсұлтан Құлшыманов та өз сауалын қойды.

"Сіз жасанды интеллектіні Қазақстанның жаңа экономикалық моделінің негізі деп атадыңыз. Биыл "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды. Межелі міндеттер орындалып жатыр ма? Цифрландыру мен жасанды интеллектінің күнделікті өмірге әсеріне қандай баға бересіз?" - деп сұрады ол.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы бұл өте орынды сұрақ екенін, өйткені 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын атап өтті.

"Жолдауда осы тақырыпты қозғаймын. Біз цифрлық мемлекет құрудың, яғни цифрлық қызметтер ұсына алатын мемлекет болудың алғашқы кезеңінен өттік. Өзге елдермен салыстырғанда өміріміз әлдеқайда жеңілдеді. Мұны өздеріңіз де көріп, байқап жүрсіздер. Қазір көп шаруаны үйден шықпай-ақ шеше аласыздар. Бұрын мұның бәрін реттеуге уақыт жұмсап, табан тоздыруға тура келетін. Сондықтан цифрлық сервис көрсететін мемлекет ретінде қалыптасу қажет болды", - деді ол.

Президент қазір Қазақстан келесі кезеңге қадам басқанын айтты.

"Үкіметке алғашқы сатыда қалып қоймай, халықаралық келіссөздер жүргізу жөнінде тапсырма бердім. Цифрландыру мен жасанды интеллект халыққа, еліміздің барша азаматына қызмет етуі керек. Қарапайым тілмен айтқанда, смартфон – ермек үшін ұстап, ертеден кешке дейін TikTok-қа телміретін құрал емес. Смартфонмен ақша табуға болады. Мәселені осылай төтесінен қойған жөн. Әсіресе, бұл шаруаларға керек. Олар ауыл-аймақтан шықпай-ақ кәсібін жүргізуге заманауи технологияны пайдалана алады. Алдағы уақытта Үкімет дәл осы міндетті орындайды", - деп жауап берді Тоқаев.

Қазақстан жаңа Парламентті таңдап жатыр
Жексенбі, 23 тамызда, Қазақстанда бірпалаталы Парламент - Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл 1991 жылдан бергі елдегі оныншы парламенттік сайлау. Сонымен қатар, бұл - Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатып, олардың депутаттары таратылғаннан кейін жаңа Конституция қабылданған соң өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.
Енді Қазақстанда екіпалаталы Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган - Құрылтай болады. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді. Сайлаудан кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен оның үш орынбасарын бекітеді.
Құрылтайдағы 145 орын үшін жеті партия бақ сынап жатыр: "Әділет", "Ауыл", "Ақ жол", ЖСДП, "Байтақ", ҚХП және Respublica. Сайлау бюллетенінде "Бәріне қарсымын" деген нұсқа да бар.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России