Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

2 пайыздық ипотека: жеңілдетілген қарызды кімдер ала алады?

0

Қазақстанда жылдық екі және бес пайызбен жеңілдетілген ипотека ала алатын тұлғалардың тізімі өзгерді.
2026 жылғы 14 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілген түзетулердің кейбір ережелері күшіне енеді.
Қазақстанда жылдық екі пайызбен ипотеканы кімдер ала алады?
Басқа өзгерістердің ішінде - жылдық екі пайыз мөлшерлемесі бойынша жеңілдетілген ипотекалық қарызға үміткер бола алатын, тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандардың нақты тізбесі бар:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Жетім балалар мен ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығысыз қалған балалар.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балаларды асырап отырған немесе тәрбиелеп отырған отбасылар.
Жесір әйелдер (тұл ер адамдар).
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар.

Бұйрықтың бұрынғы редакциясында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған және соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы бес ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын қазақстандықтар мен қандастар екі пайыздық ипотекаға үміткер бола алатын. Қарапайым тілмен айтқанда, барлық кезекте тұрғандар, соның ішінде толық емес отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, апаттық үйлерде тұратындар және басқалар.
Анықтама: 2026 жылы Қазақстанда базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болады.
Іс жүзінде "2-10-20" ипотекасы (жылдық екі пайызбен, бастапқы жарна - 10 пайыз, мерзімі - 20 жыл) кезекте тұрғандардың сегіз жеңілдікті санатына ғана беріліп келгеніне көп болды, бірақ енді бұл норма заң жүзінде бекітілді. Мысалы, "Отбасы банк" сайтында көпбалалы аналарды қоспағанда, осы санаттар тізілген:
"2-10-20" жеңілдетілген ипотекасының қатысушылары. hcsbk.kz скриншоты
Қазақстанда жылдық бес пайызбен ипотеканы кімдер ала алады?
Құжатта бес пайыздық ("5-10-20") ипотека беруге қатысты тармақтың редакциясы да өзгертілді. Бұрынғыдай, есепте тұрған барлық кезектегілер жеңілдікті қарызға үміткер бола алады, бірақ енді отбасының табыс деңгейіне қойылатын талаптар жоқ, бұрын ол талап болатын (мысалы, алты ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс еді).
Жылдық екі және бес пайыздық жеңілдетілген ипотека беру кезінде қандай табыстар ескеріледі?
Бұл ретте жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар ("2-10-20", "5-10-20", "7-20-25") бойынша кредит беру кезінде кезекте тұрғандар мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстанда алған еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстары ескеріледі. Құжаттың бұрынғы редакциясында:

барлық табыс: жалақы, сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ынталандырушы және өтемақы төлемдері егжей-тегжейлі жазылған болатын;
табыстан: әлеуметтік және зейнетақы төлемдері, сондай-ақ мемлекеттік стипендиялар алынып тасталатын.

Енді бұл ескертпелер жоқ.
Еске салайық, енді тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды "Отбасы банк" жүргізеді. Ол үшін кезекте тұрғандар инвентаризациядан өту керек.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России