Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Астанада 24 апатты үйдің тұрғындары 2027 жылдың қыркүйегіне дейін көшіріледі: мекенжайлар

0
Астана әкімі апатты үйлер орналасқан 21 жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулыға қол қойды.2026 жылғы 31 шілдедегі "Жер учаскелерін реквизициялау тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы" қаулы бүгін, 27 тамызда "Вечерняя Астана" газетінде жарияланды.
Анықтама: реквизиция - халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін түрлі төтенше жағдайлар кезінде мүлікті уақытша мәжбүрлеп иеліктен шығару.Құжатта билік елорданың Бас жоспарына, тұрғын үйді реновациялау бағдарламасына және Астана әкімінің 2026 жылғы 16 ақпандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне сүйенеді. Соңғы құжат 2023–2029 жылдары бұзылуға тиіс апатты үйлерге қатысты қабылданған болатын.
Жаңа қаулыда (2027 жылғы 31 шілдедегі) былай делінген:

"2026 жылғы 9 қыркүйектен бастап 2027 жылғы 9 қыркүйекке дейін мүлікті, оның ішінде жалпы алаңы 1,7854 га жер учаскелерін реквизициялау тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілсін. Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғын және тұрғын емес жайлардың меншік иелеріне жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберсін және тұрғын және тұрғын емес жайлар иелерін көшіруді жүзеге асырсын".

Реквизициялау тәртібімен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға тиіс жылжымайтын мүлік объектілерінің тізбесі:

Сарыарқа ауданы, Атбасар көшесі, №1 үй.
Сарыарқа ауданы, Ә. Молдағұлова көшесі, №18/2 үй, №№ 1, 2, 3, 4, 6 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Құтпанов көшесі, №24 үй.
Байқоңыр ауданы, Лев Толстой көшесі, №5 үй, №№ 2, 3, 6 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйығы, №8 үй, №№ 1, 2, 5, 6, 7 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, №21 үй, 1, 2 тұрғын емес жайлар.
Байқоңыр ауданы, С. Жүнісов көшесі, №7 үй, №№ 25, 24, 44, 24а, 24б, 27, 26, 28а пәтерлер.
Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №8 үй, 1, 2 тұрғын емес жайлар.
Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №12 үй.
Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №4 үй, 1 тұрғын емес жай.
Сарыарқа ауданы, Герцен көшесі, №2А үй, №№ 1, 9, 2, 4, 7, 5 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Ә. Молдағұлова көшесі, №18/3 үй, №№ 1, 6, 2, 3, 5 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйығы, №6 үй, №№ 3, 4, 1 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, №19 үй.
Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі, №3 үй, №№ 1, 2 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі, №5 үй, №№ 1, 2, 3 пәтерлер.
Байқоңыр ауданы, Құсжолы көшесі, №8 үй, №№ 4, 5 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/4 үй, №№ 1, 2, 3 пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/3 үй, 1, 2, 3 пәтерлер, №18А ғимараты.
Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/5 үй, №№ 2, 1 пәтерлер.
Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, №87/2 үй.
Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, №87/1 үй.
Сарыарқа ауданы, Ұланбел көшесі, №3 үй, №№ 1, 2, 3, 4, 4а пәтерлер.
Сарыарқа ауданы, Ы. Алтынсарин көшесі, №14 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6 пәтерлер.

Реквизициялау тәртібімен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға тиіс жер учаскелерінің тізбесі:


Кадастрлық нөмірі 21-319-012-421, Сарыарқа ауданы, Молдағұлова көшесі, №18/2 үй, №№ 1, 2, 3, 4, 6 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-324-029-551, Байқоңыр ауданы, Лев Толстой көшесі, №5 үй, №№ 2, 3, 6 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-015-471, Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйығы, №8 үй, №№ 1, 2, 5, 6, 7 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-026-144, Кенесары көшесі, №21 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-324-020-349, Байқоңыр ауданы, С. Жүнісов көшесі, №7 үй, №№ 24, 24а, 24б, 25, 26, 27, 28а, 44 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-324-062-459, Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №8 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-324-062-461, Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №12 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-324-062-457, Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, №4 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-319-001-242, Сарыарқа ауданы, Герцен көшесі, №2А үй, №№ 1, 2, 4, 5, 7, 9 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-012-422, Сарыарқа ауданы, Ә. Молдағұлова көшесі, №18/3 үй, №№ 1, 2, 3, 5, 6 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-015-178, Сарыарқа ауданы, Сеченов тұйық көшесі, №6 үй, №1, 3, 4 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-014-074, Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі, №3 үй, №1, 2 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-014-115, Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі, №5 үй, №1, 2, 3 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-324-058-1023, Байқоңыр ауданы, Құсжолы көшесі, №8 үй, сондай-ақ №4 және №5 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-026-474, Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/4 үй, №1, 2, 3 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-026-490, Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/3 үй, №1, 2, 3 пәтерлер, сондай-ақ №18А ғимараты.
Кадастрлық нөмірі 21-319-026-092, Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, №18/5 үй, №1, 2 пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-324-031-399, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, №87/2 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-324-031-400, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, №87/1 үй.
Кадастрлық нөмірі 21-319-061-462, Сарыарқа ауданы, Ұланбел көшесі, №3 үй, №1, 2, 3, 4, 4а пәтерлер.
Кадастрлық нөмірі 21-319-013-343, Сарыарқа ауданы, Ы. Алтынсарин көшесі, №14 үй, №1, 2, 3, 4, 5, 6 пәтерлер.


Реновация бағдарламасы тозған және апатты үйлердің тұрғындарын көшіруді көздейді.

"Бағдарламаға енгізілген көппәтерлі тұрғын үй иелеріне тұрып жатқан адамдардың санына қарамастан, техникалық паспорттарға сәйкес, қолданыстағы пәтерлерінің орнына "бөлмеге бөлме" принципі бойынша жаңа пәтерлер меншікке беріледі", - делінген Астана қаласында 2030 жылға дейінгі тұрғын үй реновациясы бағдарламасында.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России