Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Лионель Мессиді жаңа бапкер жаттықтырады: ол жұмысын қашан бастайды?

0
Аргентиналық Лионель Месси өнер көрсететін америкалық "Интер Майами" клубы жаңа бас бапкердің есімін жариялады. Команданың басты жұлдызымен отандас Кристиан Альберто "Кили" Гонсалес осы қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маманның тағайындалғаны туралы 27-нен 28 тамызға қараған түні белгілі болды. Дегенмен бапкердің жаңа командадағы дебюті қашан болатыны әзірге белгісіз – клуб құжаттарға қатысты барлық ресми рәсімді әлі аяқтаған жоқ.

"Гонсалес тиісті жұмыс істеу рұқсатын алғаннан кейін ресми түрде өз міндетіне кіріседі. Жаңа бас бапкер мен оның жаттықтырушылар штабы келгенге дейін Гильермо Хойос команданы уақытша басқара береді. "Интер Майами" Хойосқа өткен жылдың сәуір айынан басталған кезеңде бұл лауазымды иеленуге дайындығы арқылы көрсеткен адалдығы мен клубқа берілгендігі үшін ерекше алғыс білдіреді", - делінген мәлімдемеде.

Альберто "Кили" Гонсалес туралы не белгілі?
"Интер Майамидің" жаңа бапкері бұған дейін Аргентинадан тыс жерде жұмыс істеп көрмеген. Осы уақытқа дейін оның мансабында "Росарио", "Унион" және "Платенсе" сынды үш команда болды.
Сонымен қатар ол ойыншы ретінде Италия ("Интер") мен Испанияда ("Валенсия" және "Реал Сарагоса") өнер көрсетіп үлгерген.
Сондай-ақ Гонсалес ойыншы ретінде Аргентина құрамасымен Америка Кубогының күміс жүлдесін және Олимпиада алтынын иеленген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Fútbol Lírico ???? (@elfutbolirico) жарияланымы


"Интер Майами" чемпиондық үшін таласып жатыр
Лионель Мессидің командасы чемпионаттың соңғы бес матчінде бір ғана жеңіске жетіп, Лига кубогынан шығып қалса да, титул үшін күресті жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта "Интер Майами" Шығыс конференциясында "Нэшвиллден" кейін екінші орында келеді және плей-офф аймағынан шығып кетуі екіталай.
Өткен маусымда команда конференцияда үшінші орын алған болатын, бірақ кейін MLS плей-офф кезеңінде жеңіске жетіп, лига чемпионы атанды. Команданы тағы бір аргентиналық маман – Хавьер Маскерано жаттықтырған еді, бірақ ол сәуір айында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Inter Miami CF (@intermiamicf) жарияланымы






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России