Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация қашан басталады және кімдерге тегін болады?

0

Қазақстанда тұмаудың, ЖРВИ мен COVID-19-дың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жүріп жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер өңірлерге медициналық ұйымдарды дайындауды, тұмауға қарсы вакцинация жүргізуді және сырқаттанушылық мониторингін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Tengri Health Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Тұмауға қарсы вакцинация қашан басталады және кімдерге арналған?
Санэпидбақылау комитетінің ақпараты бойынша, 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда профилактикалық егу ұсынылған азаматтар үшін тұмауға қарсы вакцинация басталады.
Комитет қаулысында оны келесі санаттар ала алатыны көрсетілген:

созылмалы аурулары бар адамдар,мектеп оқушылары,жүкті әйелдер,қарт адамдар,ерте жастағы балалар,жабық үлгідегі мекемелер мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарындағы адамдар.

Вакцинация ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте жергілікті денсаулық сақтау органдары 3 қыркүйекке дейін екпе алуы тиіс адамдардың тізімін дайындауы қажет.
Сондай-ақ медициналық ұйымдар вакциналардың дұрыс сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз етіп, егу кабинеттері мен бригадаларын дайындауы тиіс екені хабарланды.
Медицина қызметкерлеріне вакцинациядан кейін қолайсыз белгілер байқалған жағдайда шұғыл көмек көрсетуге дайын болу қажеттігі де атап өтілді.
Эпидмаусымның басталуымен медициналық ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар да өзгереді. 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлері үшін маска режимі енгізіледі.
Сырқаттанушылық қалай бақыланады?
Сонымен қатар ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелер тұмау, ЖРВИ және COVID-19 жұқтырған пациенттерді қабылдауға дайындалуы тиіс.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін медициналық ұйымдардың жұмысқа дайындығын бағалауы қажет.
Вакцинация мониторингі 15 қыркүйектен басталады. Мамандар күн сайын жас ерекшелігі мен қауіп топтары бойынша егілгендер санын қадағалап отырады.
Сырқаттану деңгейі де жиі бақыланатын болады.1 қыркүйектен бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 мониторингі апта сайын, ал 1 қазаннан бастап күн сайын жүргізіледі.
Бұл ретте тұмауға қарсы егілгендер, жүкті әйелдер және бір жасқа толмаған балалар арасындағы сырқаттанушылық бөлек қадағаланады. Мәліметтер аумақтар, жас ерекшеліктері және қауіп топтары бойынша жинақталады.
Бұл шаралар Қазақстанды 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындау үшін қарастырылған.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России