Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Қазақстанда үш жылдық бакалавриат енгізіледі: кімдер оқуын ерте аяқтай алады?

0

Қазақстанда бакалавриатта оқу мерзімі төрт жылдан үш жылға дейін қысқаруы мүмкін. Алайда мұндай мүмкіндік барлық студент пен барлық жоғары оқу орнына бірдей берілмейді. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді және оқу мерзімін қысқарту үшін қандай талаптар қойылады? Tengri Education материалынан оқыңыздар.
Бакалавриат қашан үш жылға дейін қысқартылады
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек университеттерге білім беру бағдарламаларын әзірлеуде көбірек еркіндік берілетінін түсіндірді.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындары оқу мерзімін қайта қарай алады. Бірақ бұл мамандарды неліктен қысқа мерзімде даярлау қажет екенін нақты негіздей алған жағдайда ғана мүмкін болады.

"Егер университет жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, жұмыс беруші: «Мен IT маманын төрт жыл күте алмаймын, маған оны тезірек беру керек» десе, бағдарламаның ұзақтығын, мысалы, төрт жылдан үш жылға дейін қайта қарауға болады. Тек кредиттер саны сақталған жағдайда ғана", – деді Саясат Нұрбек.

Білім көлемі азайтылмайды
Оқу мерзімін қысқарту барлық бакалавриат бағдарламасы автоматты түрде үш жылға көшеді немесе студенттер аз білім алады дегенді білдірмейді.
Студенттер бұрынғыша 240 кредит жинауға тиіс – олардың саны азайтылмайды.
Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр. Эксперименттік тәртіппен үш жылдық бакалавриат бағдарламасын енгізуге Astana IT University-ге рұқсат берілген.

"Бұл бәрін міндетті түрде қысқартамыз деген сөз емес. Біз университетке икемділік береміз", – деп түсіндірді министрдің міндетін атқарушы.

Практикалық сабақтар қосылады
Сонымен қатар білім берудегі практикалық бағытты күшейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, өндірістік практикаға, дуальды оқытуға және студенттердің кәсіпорындарда тікелей тәжірибе жинауына көбірек көңіл бөлінбек.

"Work-based learning деген ұғым бар. Студенттер өндірісте дағдыларды меңгеретін практикалық компонент неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бұл әсіресе инженерлік мамандықтар үшін өте маңызды", – деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, оқу мерзімін қысқарту жалпы білім көлемі мен практикалық дайындықты азайту есебінен жүзеге аспайды. Өзгеріс негізінен бағдарламаның академиялық бөлігін қайта қарауға қатысты болмақ.

"Біз бағдарламаның құрылымын қайта қарайтын боламыз", – деп толықтырды Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, қолданбалы бакалавриаттағы оқу мерзімін қысқарту идеясы бұған дейін де көтерілген. Пилоттық жоба туралы алғаш рет 2022 жылы айтыла бастады. Сол кезде бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2,5 жылға есептелген білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарланғанын хабарлаған еді.
Бұл мәселе 2026 жылы Үкіметте өткен брифингте де қайта көтерілді.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России