Астанада 8 балдық кептеліс болды
Астана жолдарында кептеліс көбейді. Кешке қарай қаланың оң жағалауында да, сол жағалауында да қозғалыс тоқтап қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.2ГИС қосымшасындағы карта мәліметтеріне сүйенсек, Астанадағы кептеліс 8 балға жетті.2gis.kz картасы
"Яндекс" карта қызметінің деректері бойынша, кептеліс 7 балға бағаланып отыр.
Yandex картасы
Астаналықтар әлеуметтік желілерде кептелістің фото мен видеоларын бөлісіп жатыр. Көптеген тұрғын мұны жаңа оқу жылының басталуымен байланыстырады.
Скриншот: Threads
Пікір қалдырушылар бұл жағдайға түрліше қарайды. Бірі ашуланса, енді бірі жақсы көңіл-күй сақтауға тырысады.
Бұған дейін Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Полиция Алматыдағы блэкаут кезінде жол қозғалысын реттегендерге қатысты пікір білдірді
