Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Сүріле ме, әлде жөнделе ме? Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы қонақүйінде не болып жатыр?

0

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Есентай өзені жағасында орналасқан Қайрат Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі түсірілген кадрлар пайда болды. Желі қолданушылары ғимарат бұзылып жатыр деп болжады. Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктен істің мән-жайын білді.
Бұрынғы қонақүйдің тағдыры не болмақ?
Алматы әкімдігі ғимаратты сүрү жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Билік мәліметінше, нысанның жағдайы нашар болған, сондықтан қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұрынғы қонақүй ғимараты бұзылып жатқан жоқ. Нысанда қасбеті мен терезе ойықтарын қалпына келтіруді, ішкі бөлмелерді жөндеуді, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыруды қамтитын кешенді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс жоспары бойынша ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі", – деп хабарлады әкімдік.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратты қайта пайдалануға беру жоспарланған.
Қонақүй сүрілмейді: онда не ашылмақ?
Бұған дейін ғимаратқа Алматы соттарын орналастыру жоспарланған болатын. Алайда жоспар өзгерді – енді мұнда IT-хаб ашылмақ.
Жоба инвесторы – LeanQor ЖШС. Әкімдік мәліметінше, "Алматы" ӘКК ғимаратты жөндеу және кейін пайдалануға беру үшін ұсынады, ал инвестор жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

"Қаланың заманауи нысандарға деген қажеттілігін ескере отырып, бұрын жеке меншікте болған бос тұрған ғимаратты сүрудің орнына оны тиімді пайдалану туралы шешім қабылданды. Жобаны іске асыру қолданыстағы нысанды ұтымды пайдалануға және IT, жасанды интеллект пен сабақтас бағыттарды дамытуға арналған инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Болашақта бұл алаңды IT, жасанды интеллект және креативті индустрия саласындағы жобалар үшін пайдалану жоспарланған. Сондай-ақ онда осы бағыттарда жұмыс істейтін резиденттер орналаса алады.
Жоба аяқталғаннан кейін ғимаратты жер учаскесімен бірге Алматының Цифрландыру басқармасына беру көзделіп отыр.
Бұған дейін мұнда соттар орналасады деп айтылған
Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтарында ғимаратқа қатысты жоспар мүлдем басқаша болатын. Ол кезде Tengrinews.kz бұрынғы қонақүйге Алматы соттарын орналастыру жоспарланғанын хабарлаған.
Алматы қалалық соты сол кезде ғимарат сот әкімшілігі департаментінің балансында болғанын хабарлаған еді. Ол жерге нақты қай соттардың және қашан көшірілетіні белгісіз болатын. Жөндеу жұмыстары да басталмаған еді – мамандар ғимараттың инженерлік желілері мен конструкцияларын тексеріп жатқан.
Ғимарат мемлекет меншігіне қалай өтті?
Қайрат Сатыбалды Көктем-3 шағынауданында орналасқан, ауданы 9 461,6 шаршы метр болатын қонақүйді 2023 жылғы 1 тамыздан бастап мемлекет меншігіне сыйға тарту шарты бойынша өткізген болатын.
Сол жылдың қыркүйегінде ғимарат ресми түрде Алматының сот әкімшілігі департаментіне бекітілді.
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Қаңтарда Tengrinews.kz ғимараттың сол кездегі жай-күйін көрсеткен болатын. Қасбеті мен ішкі бөлмелері қатты зақымдалған: терезелері сынған, қабырғаларына жазу жазылған, ішінде құрылыс қоқыстары жатқан еді. Ол кезде нысан қоршалмаған болатын, ішіне кез келген адам емін-еркін кіре алатын.
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда
Сатыбалдының мемлекетке өткен басқа да нысандары
Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталды.
Кейін, 2022 жылғы 26 қыркүйекте сот оны екі компанияға мүліктік зиян келтіргені және жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылы оған тағылған басқа да қылмыстар бойынша тергеу жалғасты. Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру туралы іс сотқа 10 қаңтарда түсті. 2024 жылғы 1 сәуірде Сатыбалды аталған іс бойынша кінәсін мойындады.
Ал 2024 жылғы тамызда Өскеменнің № 2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қарады.
Сот сотталушының өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы сомасы 700 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлікті өз еркімен берді.
Бұған дейін Антикор сотталған Қайрат Сатыбалдының шығынды өтеу ретінде мемлекетке қайтарған жылжымайтын мүлік нысандары туралы айтқан болатын.
Тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарының құны да көрсетілді:

Алматының ескі орталығында орналасқан Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы - 33,5 миллиард теңге.
Оған қарама-қарсы орналасқан Kaisar Towers бизнес-орталығы 7,9 миллиард теңгеге бағаланған.
DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты - 6,49 миллиард теңге.
Қаланың жоғарғы бөлігіндегі "АрСат" бизнес-орталығы - 8,9 миллиард теңге.
Maisat бизнес-орталығы - 5,2 миллиард теңге.
Көк базардағы "Мегатау" сауда үйі - 8,9 миллиард теңге.
"Барахолкадағы" "Байсат" базары - 15,9 миллиард теңге.
Астанадағы "Оптимум" бизнес-орталығы - 3,2 миллиард теңге.

Сондай-ақ Алматы, Астана мен Ақмола облысында орналасқан жеке үйлер мен резиденциялар туралы да хабарланды. Олардың құны 3,34 миллиард теңгеден 31,3 миллиард теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России