Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

2027 жылдан бастап кейбір автотөлемдер қымбаттауы мүмкін: тізім

0

Қазақстанда 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр. Бұл республикалық бюджет жобасында қарастырылған. Сонымен қатар автокөлік иелерінің АЕК-пен есептелетін шығындары да – сақтандырудан бастап утилизациялық алымға дейін өсуі мүмкін. Келесі жылы сомалар қандай болуы мүмкін екенін Tengri Auto материалынан оқыңыз.
Айлық есептік көрсеткіш – бұл мемлекет жыл сайын белгілейтін шама. Қазақстанда айыппұлдар, салықтар, жәрдемақылар және басқа да төлемдердің мөлшері АЕК-ке байланысты.
2027 жылы АЕК-ті 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Соған байланысты мөлшері АЕК-пен есептелетін төлемдер де өседі.
Көлік салығы
Егер 2027 жылы АЕК 4 693 теңгені құраса, жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы төмендегідей өзгереді:

1 100 текше см-ге дейін – 4 325-тен 4 693 теңгеге дейін.
1 100-ден 1 500 текше см-ге дейін – 8 650-ден 9 386 теңгеге дейін.
1 500-ден 2 000 текше см-ге дейін – 12 975-тен 14 079 теңгеге дейін.
2 000-нан 2 500 текше см-ге дейін – 25 950-ден 28 158 теңгеге дейін.
2 500-ден 3 000 текше см-ге дейін – 38 925-тен 42 237 теңгеге дейін.
3 000-нан 4 000 текше см-ге дейін – 64 875-тен 70 395 теңгеге дейін.
4 000 текше см-ден жоғары – 506 025-тен 549 081 теңгеге дейін.

Жүк көліктері
1 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін 3 АЕК мөлшерлемесі 12 975-тен 14 079 теңгеге дейін артады. Жүк көтергіштігі 1-ден 1,5 тоннаға дейінгі көліктер үшін 5 АЕК салығы 21 625 теңгенің орнына 23 465 теңге болады.
Жүк көтергіштігі 1,5-тен 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін салық 30 275-тен 32 851 теңгеге дейін өседі. Ал 5 тоннадан асатын көліктер үшін – 38 925-тен 42 237 теңгеге дейін.
Сақтандыру қалай өзгереді?
АЕК-тің өзгеруі міндетті автосақтандырудың базалық құнына әсер етеді. Қазір базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 АЕК – бұл 8217,5 теңге. Жаңа АЕК бойынша ол шамамен 8 917 теңгеге дейін өседі.
Анықтама: Бірақ бұл тек базалық сома. Жүргізушінің полис үшін соңында қанша төлейтіні бірнеше факторға: аймаққа, автокөлік түріне, жүргізушінің жасы мен өтіліне, көліктің пайдалану мерзіміне байланысты болады.
Утилизациялық алым өседі
АЕК-тің көтерілуі утилизациялық алымға да әсер етеді. Қазір 50 АЕК – бұл 216 250 теңге. Егер АЕК 4 693 теңгеге дейін ұлғайса, дәл осы сома 234 650 теңгені құрайды.
Бұл ретте әр көлік үшін қорытынды төлем әртүрлі – ол қозғалтқыш көлеміне байланысты. Мысалы, қозғалтқышы 1 литрге дейінгі көлік үшін шамамен 352 мың теңге, ал қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көлік үшін шамамен 2,7 миллион теңге төлеуге тура келеді.
Электрмобильдер үшін утилизациялық алымның нөлдік мөлшерлемесі сақталады (заңда қарастырылған жағдайларда).
Көлікті тіркеу қымбаттайды
Автокөлікті алғашқы тіркеу кезіндегі кейбір төлемдер де өседі. Мысалы, 0,25 АЕК мөлшеріндегі алым 1 081-ден 1 173 теңгеге дейін артады. Ал 500 АЕК төлемі үшін 2,16 миллионның орнына шамамен 2,35 миллион теңге төлеу қажет болады.
Нені білу маңызды?
4 693 теңге мөлшеріндегі АЕК әлі бекітілген жоқ. Министрлер кабинеті 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау үшін жариялады. Кейін құжатты Мәжіліс қарап, депутаттар өз түзетулерін енгізе алады. Заң қабылданғаннан кейін ол Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Анықтама: Әдетте, үкімет бюджет жобасына енгізген АЕК мөлшері кейін өзгермейді. Дегенмен, түпкілікті сома тек 2027-2029 жылдарға арналған бюджет қабылданғаннан кейін белгілі болады.
Бұдан бөлек, 2027 жылы автотөлемдердің өзі қосымша индекстелуі мүмкін. Сондықтан қорытынды сомалар қазір материалда көрсетілгеннен де жоғары болуы ықтимал. Tengri Auto өзгерістерді бақылап отырады.
2027 жылы АЕК өседі: қандай әрекет үшін көбірек төлеуге тура келеді?







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России