Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бұл таңқаларлық“: “Барыс“ жаттықтырушысы ойыншылардың артық салмақ жинағанын айтты

0
"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец демалыстан кейін кейбір ойыншылардың жиынға артық салмақпен келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Клуб басшылығының БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде қазақстандық команданың бапкері маусым алдындағы дайындық барысында кейбір хоккейшілермен жаттығудың орнына, олардың бабын ретке келтірумен айналысуға тура келгеніне қынжылды.

"Дайындығы нашар болған жігіттер болды. Бұл да бір мәселе – жаттығу лагерінде барлық ойыншымен тиісті жұмыс істеудің орнына, кейбірінің салмағын түсіріп, физикалық бабын жақсартуға күш салдық. Мұндай жағдайлар да кездесті. Бұл таңғаларлық жайт. Сондықтан бұл ойыншылардың көбі қазір команда сапында жоқ", - деп атап өтті маман.

Маманның "Барыстың" нақты қай ойыншыларын меңзегені белгісіз.

"Барыс" Қазақстан құрамасының қақпашысымен неге қоштасты?
Еске сала кетейік, 2026/2027 жылғы маусым басталмас бұрын "Барыс" Қазақстан құрамасының голкипері Никита Бояркинмен қош айтысқанын жариялаған болатын. Көптеген жанкүйер клубтың соңғы жылдардағы команда көшбасшыларының бірімен бұлай қоштасқанына көңілдері толмады.
- Никита Бояркинді сайттағы өте қысқа әрі суық хабарламамен шығарып салды. Клубқа көп жылын арнаған қақпашы осылай кетті. Не болды? Неліктен бұлай болды?

- "Суық шығарып салды" дегенге келсек... Біз Никитаға атқарған жұмысы үшін алғыс айттық, өйткені ол расында да, сіз дұрыс айтқандай, клубқа көп еңбек сіңірді. Ол әлі де ұлттық құраманың ойыншысы болып қала береді, біз оның мансабын міндетті түрде бақылаймыз, бірақ ол – ойыншы, оның келісімшарты бар.Біз жаттықтырушылар штабымен бірлесе отырып, келесі маусымға бір шетелдік және бір отандық қақпашымен барамыз деп шештік. Әрі қарай Андреймен (Шутов - ред. ескертпесі) жұмыс істейміз деген шешім қабылданды. Никита басқа клубпен келісімшартқа отырды, сондықтан оған алдағы уақытта табыс тілейміз, - деді "Барыс" ХК бас директорының орынбасары Алексей Мамонтов.

Бапкер де Бояркиннің кетуіне қатысты бірнеше сөз қосты.

"Барлығы спорттық принцип бойынша. Ол құрамаға шақырыла ма? Ойынына байланысты – егер шайбаны ұстап, қазақстандық командада ойнаса, әрине, шақырылады. Құрамада жай ғана "мен Қазақстаннанмын" дегені үшін емес, ең үздіктер ойнауы тиіс", - деді Кравец.

Айта кетейік, Никита Бояркин "Барыста" бес маусым өткізді. Оның есебінде клуб үшін 103 матч және 91,2 пайыз тойтарылған соққы бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Барыс» хоккей клубының жарияланымы (@barys_official)


Енді "Барыста" бірінші нөмір мәртебесі үшін америкалық Хантер Шепард пен қазақстандық Андрей Шутов таласады. Сондай-ақ құрамда жас қазақстандық голкипер Владислав Нурек бар.
Өткен маусымның алдында біз Андрей Шутовпен оның мансабы, "Барыс" пен Қазақстан құрамасы сапындағы ойыны туралы сұхбат жазған болатынбыз.

Бұған дейін "Барыс" команданың биылғы маусымдағы міндеті – Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығу екенін мәлімдеген болатын.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России