“Жол бермеймін”: Ямаль Барселонадан кеткеннен кейін сүйіктісіне пікір қалдырды
"Сені жақсы көремін, жаным, бірақ бұдан былай велосипед тебуіңе жол бермеймін", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Суреттердің біріне қарағанда, Инес бірге серуендеу кезінде тепе-теңдік сақтай алмай, Париж көшелерінің бірінде велосипедтен құлап қалған көрінеді.
Фото: instagram.com/ineesgaarcia/
Айта кетейік, бұл суреттер мен видеолар Ламин Ямальдың маусым кезінде Барселонадан Парижге баруға уақыт тапқанын дәлелдейді.
Бұл ретте Ямаль клуб сапындағы соңғы ойынында екі гол соғып, "Барселонаның" "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата жеңуіне көмектесті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@lamineyamal парақшасынан жарияланым
Ламин Ямаль мен Инес Гарсия қарым-қатынасы
Еске салсақ, жанкүйерлер Ламин мен Инестің бір-бірінің жазбаларына лүпіл басқанын 2026 жылдың сәуір айында-ақ байқаған болатын. Ал мамырдың аяғында футболшы "Барселонаның" чемпиондық маусымға арналған командалық кешкі асында сүйіктісін көпшілікке таныстыруды жөн көрді.
Бойжеткен Ямальмен ресми түрде кездесе бастағаннан кейін оның әлеуметтік желілердегі танымалдылығы айтарлықтай артты. Қазір оның Instagram парақшасына 4,5 миллион адам жазылған.20 жастағы блогер футболшымен бірге АҚШ-тағы әлем чемпионатына барып, финалдағы жеңіс қуанышын тікелей алаңда бірге бөлісті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Inés García Santos-тың жарияланымы (@ineesgaarcia)
Ламин Ямаль дубль жасап, ғасыр рекордын жаңартты
