Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанның BICRA рейтингіндегі орны өзгерді

0

S&P Global Ratings агенттігі Қазақстанның банк секторындағы елдік тәуекелдерге берілетін BICRA бағасын жақсартты. "Салалық тәуекел" көрсеткіші "7"-ден "6"-ға көтерілді. Сонымен қатар, "экономикалық тәуекел" бойынша болжам "тұрақтыдан" "оңға" өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Шешім 2026 жылғы 4 қыркүйекте қабылданған және қазақстандық қаржы ұйымдарының рейтингтеріне әсер еткен.

Атап айтқанда, S&P Банк ЦентрКредиттің ұзақ мерзімді рейтингін "BB+" деңгейіне дейін көтерді. Freedom тобына кіретін еншілес компаниялардың ұлттық шкаладағы рейтингтері "kzA" деңгейіне дейін жақсарды.

Halyk Bank ("BBB-"), Нұрбанк ("B") және Freedom холдингінің халықаралық рейтингтері бойынша болжам "оң" деп қайта қаралды.

S&P сарапшылары қолға алынған шаралар қаржы нарығын қадағалау жүйесін біртіндеп күшейтіп, экономикалық құлдырау кезеңдерінде елдің қаржылfq тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

Рейтинг агенттігінің бағалауынша, осы өзгерістердің арқасында Қазақстандағы банк саласын реттеу мен қадағалау жүйесі өңірдегі Өзбекстан, Қырғызстан, Армения және Әзербайжанға қарағанда тиімдірек.

S&P рейтингтің жақсаруына әсер еткен бірнеше негізгі факторды атады. Олардың қатарында қаржы нарығын қадағалау сапасы, тұрақты бақылау, мұқият мониторинг, банк капиталы мен өтімділігіне қойылатын талаптарды күшейту, стресс-тестілеу және есептіліктің ашықтығын арттыру бар.

Экономикалық тәуекел бойынша оң болжам халықаралық сарапшылардың Қазақстанның қаржы жүйесіндегі қауіп-қатерлер алдағы уақытта да азаяды деген күтімін көрсетеді. Бұған макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануы, инфляцияның баяулауы және активтер сапасының жақсаруы әсер етіп отыр.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России