Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

UFC аңызы экс-футболшыға қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді

0
Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы, аралас жекпе-жек жұлдызы Тони Фергюсон бұрынғы футболшы Кензо Бийонгқа қарсы Misfits бокс титулын қорғайды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Аралас жекпе-жектің атақты шебері, UFC-дің бұрынғы жұлдызы Тони Фергюсон Misfits ұйымының титулын қорғауға шығады.
Ол нидерландтық бұрынғы футболшы Кензо Бийонгпен жұдырықтасады.
Жекпе-жек 26 қыркүйекте Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) James L. Knight Center аренасында өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Misfits Boxing (@misfitsboxing) жариялаған жазба


Еске сала кетейік, 41 жастағы Тони Фергюсон Salt Papi деген атпен танымал 31 жастағы филиппиндік блогер Натаниэль Бустамантемен жекпе-жекте Misfits чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын. Кездесу 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, үш минуттық бес раундқа есептелген еді.
Фергюсон үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда "Эль Кукуй" қарсыласын арқанға тақап, сол қолымен дәл соққы жасады және басына жауапсыз соққылар жаудырып, реферидің араласуына тура келді.

Тони Фергюсон деген кім?
"Эль Кукуй" лақап атымен танымал Тони Фергюсон - UFC тарихындағы ерекше файтерлердің бірі. Тони жас кезінен күреспен, америкалық футболмен және бейсболмен айналысқан. Еркін күрестен айтарлықтай жетістіктерге жетіп, 2006 жылы NCWA нұсқасы бойынша АҚШ чемпионатында жеңіске жеткен.
Жоғары білім алу әрекеттері сәтсіз аяқталған соң ол Калифорнияға оралды. 2008 жылы Фергюсон кәсіби мансабын бастап, 2011 жылы The Ultimate Fighter шоуының 13-маусымында жартылай орта салмақта жеңімпаз атанып, UFC-мен келісімшартқа отырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

The Ultimate Fighter (@ultimatefighter) жариялаған жазба


Фергюсон UFC-де жеңіл салмақта дебют жасап, феноменальды төзімділігі мен стандартты емес стилі бар әмбебап файтер ретінде тез танылды.
Оның арсеналында бокс, муай-тай, джиу-джитсу, еркін күрес және капоэйра элементтері болды, бұл оның жекпе-жектерін тартысты әрі болжап болмайтындай етті. 2013-2019 жылдар аралығында Тони UFC-дің жеңіл салмағында қатарынан 12 жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Ол Рафаэль дос Аньос, Эдсон Барбоза, Энтони Петтис және Дональд Серроне сияқты мықтыларды тізе бүктірді.
2017 жылы UFC 216 турнирінде Кевин Лиді "үшбұрыш" әдісімен тұншықтырып, жеңіл салмақтағы UFC-дің уақытша чемпионы атағын иеленді. Бұл кезең оның мансабының шыңы болды, ал 2020 жылы ол UFC-дің жеңіл салмақ рейтингінде бірінші орында тұрды.

Файтерлер неге Фергюсонмен жұдырықтасудан қашты?
Өз бабында болған кезінде (2013-2019) Тони Фергюсон қарсыластары үшін нағыз "қорқынышты түске" айналды, сондықтан көптеген файтер онымен кездесуден қашатын. Оның ерекше стилі агрессивті прессингті, мықты кардионы және шынтақпен тіліп жіберетін соққылар жасауды ұштастыратын, бұл онымен жекпе-жекті физикалық және психологиялық тұрғыдан өте ауыр ететін.
Фергюсон бес раунд бойы жоғары қарқынды ұстап тұра алатын, көбіне төзімділігі мен ретсіз комбинацияларының арқасында кездесу тағдырын өз пайдасына шешетін.

Оның басты айрықша әдісі Д’Арсе тұншықтыру мен шынтақ соққылары болды. Сарапшылардың айтуынша, оның шынтағы сәл тисе болды, қарсыластың бетін тіліп жіберіп, жекпе-жек динамикасын бірден өзгертіп жіберетін.
Сонымен қатар Тони ментальды қысым көрсетудің шебері болды: оның оқтагоннан тыс жердегі оғаш мінез-құлқы, арандатушылық мәлімдемелері мен болжап болмайтын әрекеттері қарсыластарын күмәндануға мәжбүр ететін.

Бабындағы Тони Фергюсонмен кездесу оңай емес еді pic.twitter.com/R8VXDBaCUF
- ???????????????????????????????????? (@thefightcore) 29 тамыз, 2026 жыл
UFC тарихындағы ең "сәтсіз" жекпе-жек
UFC жанкүйерлері асыға күткен Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек бес рет жоспарланғанымен, әр жолы түрлі себеппен өтпей қалды. Алғаш рет бұл кездесу 2015 жылы жарияланды, бірақ Фергюсонның жарақатына байланысты болмады.
2016 жылы жекпе-жек тағы да өтпеді - бұл жолы Хабибтің денсаулығына байланысты мәселелер туындады. 2017 жылы Нурмагомедов салмақ қуу кезіндегі сәтсіздіктен соң жекпе-жекке шыға алмады.
2018 жылғы төртінші талпыныс Фергюсонның жарақаты салдарынан сәтсіз аяқталса, 2020 жылға жоспарланған бесінші кездесу COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылды.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России