Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Telegram бұзылды“: танымал мессенджерден қауіпті стикер табылды

0

Сырттай қарапайым көрінетін стикер Telegram жұмысында күрделі ақау тудыруы мүмкін. Пайдаланушы көлемі небәрі 269 байт болатын файлды анықтады, оны өңдеу кезінде қосымша смартфонда да, компьютерде де жабылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Life.
Стикерге не болған?
Бұл мәселе туралы Denis-19 лақапаты бар Habr пайдаланушысы хабарлады. Оның айтуынша, ақау белгілі бір стикерді өңдеу кезінде шығады.

"Telegram чаттарында көлемі 269 байт болатын стикер тарап жатыр, ол мобильді және десктоптық қосымшалар жұмысын тоқтатады", - деп атап өтті ол.

Пайдаланушы стикердің ішінде Telegram дұрыс өңдей алмайтын объект жасырылған деп болжайды.

"Стикердің ішінде 10³⁸ нүктелік параметрі бар жұлдыз жасырылған. Telegram клиенті оны сызып шығармақ болғанда ақау пайда болып, қосымша жабылып қалады", - деп бөлісті ол.

Стикердегі қателікке байланысты Telegram жұмысындағы мәселелер. Сурет: habr.com
Telegram мүлдем ашылмай қалуы мүмкін
Кейбір жағдайда ақауы бар стикер орналасқан чатты ашпақ болғанда қосымша бірден жабылып қалады.
Егер Telegram іске қосылған бойда осы чатты жүктемек болса, жағдай қиындай түседі. Мұндай кезде қосымша әр жолы жабылып қалып, пайдаланушыға мессенджерді қалыпты ашуға мүмкіндік бермеуі мүмкін.
Бұл ретте Telegram әзірлеушілері тарапынан қателік және оны түзету туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ.
Айта кетейік, кейінгі айларда қазақстандықтар Telegram жұмысындағы іркіліске бірнеше рет тап болды.
Тамызда Detector404 порталының деректері мәселе бар екенін көрсетті. Сол кезде "Қазақтелеком" АҚ Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram трафигі күрт төмендегенін тіркеді. Бұл ретте мамандар оператордың инфрақұрылымында ешқандай ақау таппаған.
Ал шілдеде бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар Telegram жұмысындағы іркіліс туралы хабарлаған болатын. Браузерлердегі сілтеме ашылмай қалды, бірақ қосымша әдеттегідей жұмыс істей берді.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа схема туралы ескертілді







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России