Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бір үзім нан үшін елден мін іздейді“. Жапаров шетелдегі сыншыларын “мәңгүрт“ деп атады

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шетелде жүрген кейбір отандастарын сынға алып, ел экономикасына үлес қосып жүрген еңбек мигранттарына алғыс білдірді. Бұл туралы ол Таласта өткен Қырғызстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік шарада айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына тоқталған Қырғызстан басшысы мәңгүрт бейнесін және өз тарихын, тілін, мәдениетін ұмытқан қоғамның қасіретін сөз етті. Кейін ол шетелде жүрген кейбір отандастарын сынға алды.

"Кейбір азаматтарымыз шетелде жүріп, сол жақтан тапқан бір үзім наны үшін өз елінде болып жатқан жақсы істердің өзінен мін іздеп, мәңгүрттік танытып жүр. Біз оларды тәрбиелеуге, жөнге шақыруға тырысамыз", - деді Садыр Жапаров (қырғыз тілінен аударылғанда).

Анықтама: Мәңгүрт - өзінің ұлттық тамырын, тарихын, ана тілін және халқының рухани дәстүрін ұмытқан адам. Бұл образды Шыңғыс Айтматов "Ғасырдан да ұзақ күн" романында суреттеген.
Қырғызстан президенті нақты кімдерді меңзегенін және қандай шаралар қолданылатынын нақтыламады.
Кейінірек сол сөзінде Жапаров ондаған жылдар бойы Қырғызстаннан тыс жерде өмір сүріп, еңбек етіп жүрген отандастарына қайырылды. Ол туған жерден жырақта жүргенде елге деген сүйіспеншілік пен оның қадірі ерекше сезілетінін атап өтті.

"Сіздер кейінгі 35 жыл бойы Қырғызстан экономикасының бір бөлшегі болдыңыздар. Ол үшін Қырғыз мемлекетінің әрбір басшысы сіздерге алғыс айтуға тиіс", - деді Қырғызстан президенті.

Жапаров елде өткен ірі халықаралық шаралардан кейін шетелдегі отандастарының Қырғызстанды мақтан тұтып, ерекше ықылас білдіргеніне әсерленгенін де айтты.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России