Bloomberg әлемдегі ең дәулетті адамдарды атады
Биыл әлемдегі ең бай он адамның барлығы - АҚШ азаматтары. Былтыр алғашқы ондықтағы жалғыз америкалық емес кәсіпкер Бернар Арно болса, биыл оның орнын Уоррен Баффет басты.
Миллиардерлер индексіндегі үздік ондық келесідей:
1-орын. Илон Маск (Tesla компаниясы), дәулеті 918,8 миллиард доллар.2-орын. Ларри Пейдж (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 286 миллиард доллар.3-орын. Джефф Безос (Amazon компаниясының негізін қалаушы), дәулеті 274 миллиард доллар.4-орын. Сергей Брин (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 266 миллиард доллар.5-орын. Майкл Делл (Dell Technologies компаниясының басшысы), дәулеті 245 миллиард доллар.6-орын. Марк Цукерберг (Meta* компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 229 миллиард доллар.7-орын. Ларри Эллисон (Oracle компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 208 миллиард доллар.8-орын. Дженсен Хуанг (Nvidia компаниясының бас атқарушы директоры), дәулеті 181 миллиард доллар.9-орын. Стив Баллмер (Microsoft-тың бұрынғы бас директоры және «Лос-Анджелес Клипперс» баскетбол клубының иесі), дәулеті 172 миллиард доллар.10-орын. Уоррен Баффет (инвестор), дәулеті 144 миллиард доллар.
Бұл қандай рейтинг?
Bloomberg миллиардерлер индексі - әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылы іске қосылған. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.
