Арман Царукян UFC 331 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Жекпе-жек Лос-Анджелесте (АҚШ) өтіп, кештің басты оқиғаларының бірі болды.
Кездесу 5 раундқа жоспарланған еді, алайда бірінші раундта Царукян тікелей нокаутпен жеңіске жетті.
Алғашқы бесминуттықтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Арман қарсыласын торға тақап, шынтағымен жасаған қатарынан соққыларымен канвасқа сұлатып түсірді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFC (@ufc) жарияланымы
Армениялық файтер кештің үздік өнері үшін 100 мың доллар көлемінде бонус алды.
Жекпе-жектен кейін Царукян келесі кездесуінде титул үшін жұдырықтасатынын мәлімдеді. Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC белбеуінің иегері – америкалық Джастин Гэтжи.
