Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Мерц парламент сайлауының нәтижесін “апат“ деп атады, бірақ отставкаға кетуді жоққа шығарды

0

Германия канцлері Фридрих Мерц жергілікті парламент сайлауының нәтижесін апат деп атады, бірақ өз қызметінде қалатынын және реформалар бағытын жалғастыратынын мәлімдеді. Экзитпол мәліметтері Мерцтің оңшыл-орталықшыл ХДО партиясы штаттардың бірінде небәрі 5 пайыз дауыс алғанын көрсеткен - бұл ХДО-ның Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі штаттардағы ең төменгі көрсеткіші, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.
Экзитпол мәліметтері бойынша, Мерц басқаратын ХДО Мекленбург – Алдыңғы Померанияда 5 пайыз дауыс жинаған. Бұл партияның Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі кез келген федералдық жердегі ең нашар нәтижесі. Берлинде болжам бойынша ХДО 20 пайызбен екінші орында тұр, ол 24,5 пайыз жинаған Солшылдар партиясына жол беріп отыр.
"Германия үшін альтернатива" өз позициясын нығайтты: Мекленбург – Алдыңғы Померанияда 37 пайыз және Берлинде 15,7 пайыз. Сонымен қатар өңірлік үкіметтерді құру мәселесі әлі де белгісіз болып отыр.
Бұл сайлау Саксония-Анхальттағы АдГ-ның жеңісінен екі апта өткен соң өтіп, канцлерге түсетін қысымды арттырған. Мерцтің партиясында оны қызметінен кетіру туралы үндеулер айтылғанымен, олар жария қолдау таппады. Канцлер Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясына жоспарланған сапарынан бас тартты.
Мерц реформалардан бас тарту бағытын теріске шығарып, олардың танымал еместігіне қарамастан, жұмысты жалғастыру ниетін білдірді.

"Қазір табандылық, мызғымастық пен сабырлық таныту қажет... Мен ХДО төрағасы ретінде және ең алдымен, еліміздің канцлері ретінде осы қасиеттерді көрсетемін", - деді ол.

"Германия үшін альтернатива" тең төрағасы Тино Хрупалла (Tino Chrupalla) экзитполдың алғашқы нәтижелері жарияланғаннан кейін DW-ге берген сұхбатында Мерцті отставкаға кетуге шақырды.

"Азаматтар осыны күтер еді және ел бұған лайықты", - деп есептейді ультраоңшыл саясаткер.

Бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц "Германия үшін альтернатива" партиясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін жоққа шығарған болатын. Бұл оңшыл радикалды партия Саксония-Анхальт жеріндегі сайлауда бірінші орынға шыққаннан кейін айтылды, алайда ол бұл нәтиженің өз партиясын "іргетасына дейін" теңселткенін мойындады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России