Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен айырылды

0

Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен босатылды. Сөз Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері туралы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кімдер қызметінен кетті?

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкіміне сәйкес, Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов атқарып келген қызметтерінен босатылды.

Әкімдердің қызметтен босатылу себептері хабарланған жоқ.

Гайдар Қасеновтің өмірбаяны

Гайдар Қасенов 1976 жылы Ақмола облысының Атбасар ауданында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Гайдар Қасенов. Фото: gov.kz

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейіннен аудан әкімі лауазымдарын атқарған.

2008-2015 жылдары "Қазтеміртранс" АҚ корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеген.

2019-2021 жылдар аралығында Гайдар Қасенов Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болды.

2021 жылдың тамызынан 2024 жылдың қарашасына дейін ол Қосшы қаласының әкімі қызметін атқарған. 2024 жылғы 13 қарашада Қасенов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Достанбек Есжановтың өмірбаяны

Достанбек Есжанов 1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2005 жылы "Тұран" университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Достанбек Есжанов. Фото: gov.kz

Есжанов еңбек жолын 2006 жылы Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Есжанов Есіл ауданының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің басшысы және әкім аппаратының басшысы, осы аудан әкімінің орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы және Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2020 жылғы қазаннан 2024 жылдың желтоқсанына дейін Біржан сал ауданының әкімі болды. 2024 жылғы желтоқсанда Есжанов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалған.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России