Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30

“Бұл үйде балаларым мен анам тұрады“. Ұлдана Мырзуан ісі бойынша айыпталушы кінәсін мойындамады

0

Бүгін жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот процесінде сотталушы Сәуле Жұбаниязова сөз сөйледі. Ол өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сөзінің басында Жұбаниязова марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көңіл айтып, олардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сотталушының айтуынша, МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) төрайымы қызметіне кіріскен кезде ол алдыңғы сенімді тұлғадан құжаттарды, соның ішінде тексеру актісі мен түгендеу тізімін алмаған. Сонымен қатар Сәуле Жұбаниязова заңнама нормасына сілтеме жасап, оған сәйкес төраға ауысқан кезде құжаттар, кілттер, тауарлық-материалдық құндылықтар, келісімшарттар және нысанды басқаруға қатысты өзге де материалдар берілуі тиіс екенін алға тартты.
Сондай-ақ Жұбаниязова қайғылы оқиға болған кезде оның МИБ төрайымы ретінде жұмыс істей бастағанына бір жыл толмағанын айтты. Сондықтан ол жыл сайынғы тексеруді өткізудің белгіленген мерзімі өз тарапынан бұзылған жоқ деп есептейді.
Бұл ретте МИБ төрайымы үйге жүргізген тексеруінің құжатпен рәсімделмегенін мойындады.

"Бірақ бұл актімен рәсімделген күннің өзінде, оқиғаға әсер етпес еді", - деді ол.

Сотталушы айыптау тарапы сілтеме жасап отырған 2017 жылғы сараптамаға жеке тоқталып өтті. Жұбаниязова бұл сараптамада бірінші кіреберіс жағындағы жарықшақ туралы сөз болғанын мәлімдеді. Ал кірпіштердің құлауы екінші кіреберіс жағында болған. Сот талқылауы барысында 2017 жылғы сараптама нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылғаны айтылды.

"Кірпіш құлаған қабырғада жарықшақтардың бар-жоғын анықтау мүмкін болмады", - деді МИБ төрайымы.

Сондай-ақ ол қайғылы оқиғаға дейін тұрғындар оған пәтерлер жағынан да, қасбет жағынан да жарықшақтар бар екені туралы хабарламағанын айтты. Жұбаниязованың сөзінше, айыптау тарапы сотта айтқан жарықшақтар құлаудан кейін пайда болған.
"Бұл үйде менің балаларым мен анам тұрады"
Сәуле Жұбаниязова осы уақытқа дейін МИБ төрайымы болып отырғанын айтты. Сондай-ақ ол бұл үйде жақындарымен бірге өзі де тұратынын атап өтті.

"Мен тек МИБ төрайымы ретінде емес, қарапайым тұрғын ретінде де үйдің ақаусыз болғанына мүдделімін, өйткені бұл үйде өзім, жақындарым тұрады. Бұл қасіреттен менің балаларым, анам, өзім де зардап шегуіміз мүмкін еді. Осыны біле тұра мен шара қолданбас па едім?" - деп ол сотқа жүгінді.

Жұбаниязова қысқа уақыт ішінде өмірінің түбегейлі өзгергенін айтып, соттан әділ шешім қабылдауды сұрады.

"Құрметті сот, өзімді кінәлі санамаймын. Сіздер әділ, дұрыс шешім қабылдайтындарыңызға сенемін. Сот менің және менімен бірге уайымдап, бүкіл сот процесін бақылап отырған көптеген тұрғынның сенімін аяққа таптамауы тиіс", - деп толықтырды МИБ төрайымы.

Еске сала кетейік, бүгін сот жарыссөзі басталғанға дейін сот процесске қатысушылардың барлық өтінішін тыңдады. Ұлдана Мырзуанның жұбайы жәбірленуші мәртебесінен бас тартпауға шешім қабылдады. Сондай-ақ ол үкім жұбайын қайтарып бермейтінін мәлімдеді.
Ұлдананың анасы соттан МИБ төрайымын бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Жәбірленушілер азаматтық талап арыздарын берді. Талап арыздардың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады. Сотталушы талаптарды мойындамады. Сондай-ақ ол өзін кінәлімін деп санамайтынын тағы да қайталады.
Тағы оқыңыз: Прокурорлар МИБ төрайымына қандай жаза сұрады?
Өткен отырыстарда не болды?
18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.
Айыпталушы орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.
Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.
20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.
Сондай-ақ оның анасы жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.
26 тамызда сотта жәбірленушілер мен куәгерлер жауап берді. Атап айтқанда, жәбірленуші Гүлнәр Қалиева 2025 жылғы 8 қарашада әпкесімен бірге үй маңындағы дүкенге бара жатқанын айтты. Олар ғимаратқа жақындай бергенде, үйдің қаптамасы жоғарыдан құлап түскен. Әйел тек басын қолымен жауып үлгерген. Оның айтуынша, "кірпіштер жаңбырша жауған".
Сондай-ақ Ұлдананың әріптесі Дильназ Байзақова сотта жауап берді. Қайғылы оқиға болған күнді еске алған кезде, ол көз жасына ерік берді.
2 қыркүйекте сот куәгерлердің - үй тұрғындарының жауаптарын тыңдады. Атап айтқанда, куәгер Валерия Самсонова үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болғанын айтты. Мұны куәгер Халил Бабалиев те растады. Оның айтуынша, "үйдің іргесі сөгіліп жатыр".
Сондай-ақ сотта қаптама құлаған сәт түсірілген видео көрсетілді.
3 қыркүйекте сотта қылмыстық іс материалдарын зерттеу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов ғимарат қасбетінің құлау себебі көрсетілген техникалық сараптама қорытындысын жариялады.
“Бүкіл үй құлап жатыр деп ойладым“ - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер
9 қыркүйекте сот құрылыс саласындағы маман Вероника Лобаеваны тыңдады. Ол үй жобасындағы сәйкессіздіктерді "мина іспетті" деп атады.
Сондай-ақ сотта сотталушы Сәуле Жұбаниязова жауап берді. Ол қайғылы оқиғаға өзін кінәлі деп санамайтынын сотқа тағы айтты. МИБ төрағасының сөзінше, ол міндеттерін атқаруға кіріскен кезде, тұрғындар да, бұған дейінгі басқарушы да үйге қатысты қандай да бір мәселелерге шағымданбаған.
10 қыркүйекте, сот техникалық қадағалау маманы Денис Воробьёвты тыңдады. Оның айтуынша, ғимарат қасбетінде ақау белгілері қаптама құлағанға дейін пайда болған. Алайда олардың қаншалықты қауіпті екенін ешкім түсінбеген.
“Мерзімі өтіп, адамдар қайтыс болған“. Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар
17 қыркүйекте Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеуші айыпталушы МИБ төрайымы қызметін атқарған кезеңде қажетті жұмысты орындамағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтетіні хабарланған еді. Трансляцияны Tengrinews.kz YouTube-арнасынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?
2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш пен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".
“Жарықтарға саусақ сыйып кетеді“. Фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне қасбеті құлаған тұрғын үйден репортаж
С от талқылауы жүріп жатқанда, көпқабатты үйдің тұрғындары ғимаратта жаңа жарықтар пайда болғанына шағымданып жатыр. Олар өз пәтерлерінде тұруға қорқады. Олардың айтуынша, түнде қабырғалардан шытынаған дыбыстар естіледі. Tengri Home тілшілері оқиға орнына барып, мазасы қашқан астаналықтармен тілдесті.
Бұл репортаждың видео нұсқасын TengriTV YouTube-арнасынан көре аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России