Астаналық танымал асаба Шымкентте ұсталды
Шымкентте танымал асаба ұсталды. Ол есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, елорданың 36 жастағы тұрғыны ұсталды.
"Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.
Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және көкнәр екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын айтты. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
