Қазан және қараша жылы болады: Үкіметте ауа райы болжамы айтылды
2026 жылдың қазан және қараша айлары климаттық нормадан жылы болады деп күтіледі. Алдағы айларға арналған ауа райы болжамын экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазан айы қандай болады?Қуантыров Үкімет отырысында қазан айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп болжанатынын айтты.
Шығыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар облысы мен Абай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде температура климаттық норма шамасында болады.
Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шегінде болады деп күтіледі. Жауын-шашын нормадан көп болады деп болжанатын аймақтар:
Батыс Қазақстан облысында;
Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында;
Ақтөбе облысының солтүстігінде;Қостанай облысының солтүстік-батысында.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жазық бөлігінде, орталық облыстардың оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын нормадан аз болады деп күтіледі.Қараша айына арналған болжамҰзақ мерзімді болжамға сәйкес, қараша айы да жылы болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2 градусқа жоғары болады.
Жауын-шашын негізінен норма шегінде болады деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстігінде жауын-шашын әдеттегіден көп түсуі мүмкін.
