Бектенов жаңа қорғаныс министріне үндеу жасады
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы әскери қызметті реформалау бойынша маңызды міндеттер қойды. Айдос Сәкенұлы, сіз өзіңізге артылған осынау жоғары сенімді толық ақтайды деп сенеміз", - деді Бектенов отырыс басталар алдында.
Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті Қазақстанның қорғаныс министрі етіп тағайындады. Тағайындалғанға дейін Мырзахметов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болған.
Сол күні Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, армияны кешенді реформалау бойынша міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қарау, әскерлерді басқаруды жетілдіру және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Кейін Мырзахметов Қорғаныс министрлігінің басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізіп, онда Президент қойған міндеттерді іске асыруға кірісуді тапсырды.
Тағы оқыңыз: Жаңа қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов туралы не белгілі?
