Тоқаев Берлинде Штайнмайермен кездесті
Тоқаев пен Штайнмайер Берлинде ресми кездесу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды.
Сапар аясында Берлинде ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
