Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026

+26 градус және жаңбыр: 30 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0

Сәрсенбі, 30 қыркүйекте Қазақстан қалаларында ауа райы құбылмалы болады деп болжанады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Бірнеше қалада үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17-ден +26 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкент – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Талдықорған – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Тараз – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Ақтау – көшпелі бұлтты, түнде кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақтөбе – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 1-6, күндіз екпіні секундына 10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 0-5, күндіз 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 19-21 градус жылы.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Көкшетау – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 18-20 градус жылы.

Қостанай – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Петропавл – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 19-21 градус жылы.

Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 18-20 градус жылы.

Семей – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Өскемен – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 5-10 метр. Түнде 2-4 градус үсік жүреді, күндіз 17-19 градус жылы.

Бұған дейін «Қазгидромет» 30 қыркүйекке Астана қаласы мен 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктер орталық және солтүстік облыстардың тұрғындарына жауын-шашын, соның ішінде қар жауатыны туралы ескертті. Толығырақ - материалда.

Тағы оқыңыз: Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России