Добавить новость
103news.com
World News
Сентябрь
2026

Атырауға жаңа әкім тағайындалды

0

Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Данияр Таханов тағайындалды.
Данияр Тахановтың өмірбаяны
Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін "Өндірістік-коммерциялық басқару" және "Өндірістік экономика" мамандықтары бойынша бітірген. "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.
Еңбек жолын 2009 жылы "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастап, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының қазақстандық филиалында инженер болып қызмет атқарды.
2012–2017 жылдары "Орал" ӘКК басқарма төрағасының орынбасары және Atyrau Innovations ЖШС директоры қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бастап "Атырау" ӘКК" АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы лауазымдарын иеленді. 2022 жылдың мамыр айынан бастап "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

"Облыс әкімі Болат Ақшолақов қаланың жаңа әкіміне халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс құруды тапсырды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, жылыту маусымын өткізу, тұрғындарды апатты үйлерден көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаланы абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті", - делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өңір басшысы қала проблемаларын шешуде депутаттармен және тұрғындармен тығыз іс-қимыл жасау қажеттігін баса айтты.
Шәкір Кейкин атышулы қылмыстық іс фонында Атырау әкімі лауазымынан кетті
Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында Атыраудың бұрынғы әкімі Шәкір Кейкин шулы қылмыстық іс аясында қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ҰҚК Атырау әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуовқа қатысты тергеу бастағаны хабарланған еді.
Сол кезде БАҚ пен Telegram-арналарда оның ұсталғаны және пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. ҰҚК тергеу жүріп жатқанын растағанымен, оның егжей-тегжейін ашпады.
Әкімнің міндетін атқарушы ұсталғаннан кейін тұрғындар арасында "Шәкір Кейкиннің өзі неге көпшілік алдына шықпай кетті?" деген сұрақтар туындады. Сол кезде қала әкімдігінің баспасөз қызметі Кейкиннің еңбекке жарамсыздық демалысында (ауырып қалуына байланысты) екенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Шәкір Кейкин Атырау әкімі лауазымына 2023 жылғы 10 шілдеде тағайындалған еді.
Сондай-ақ биыл шілде айында Атырау облысының әкімі болып Болат Ақшолақов тағайындалды. Ол облыстың 11-ші әкімі болды. Өңір Қазақстанның басты мұнай өндіруші орталығы болып саналады, мұнда еліміздегі ең ірі мұнай кен орындары орналасқан.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России