Тоқаев Нигерия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
