Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Мұндайды қалай ойлап табуға болады?“: Астанада әлемдегі ең ірі AI-фильмдер фестивалінің финалистері несімен таңғалдырды?

0

Астанада осындай форматтағы әлемдегі ең ірі іс-шара - Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің финалы басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 25 фильм финалға өтті. Жабық көрсетілімде не болғаны және фестиваль негізін қалаушыларды не таңғалдырғаны туралы - Tengrinews.kz материалында.
Astana AI Film Festival (AAIFF) - бұл камера орнына алгоритмдер, ал декорация орнына қиял еркіндігі қолданылған кино. Фестиваль миллион доллар жүлде үшін бақ сынап, келешек кинематографы қандай болатынын көрсетуге тиіс әлемдегі ең үздік цифрлық авторлардың басын қосты. Жоба, жүлде қоры және өтінімдер географиясы туралы толығырақ - мына сілтемеде.
1 қазан - жабық көрсетілім күні
Жабық көрсетілімде халық өте көп болды. Кешкі сағат сегізге қарай кинотеатр залы маңында жүздеген адам жиналды. Қонақтар киноға бармағалы көп болғанын, бірақ бүкіл планетадан жиналған үздік AI-фильмдер көрсетілімін жіберіп алу мүмкін емес екенін айтып әзілдесті.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Кейбіреулер бұл оқиғаға ерекше дайындалыпты - көрсетілімнің басталуын құшақ толы хризантемамен күтіп тұрды, бұл гүлдер фестиваль қатысушыларының біріне арналған болуы мүмкін.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Жиналғандар экраннан не көретіндерін болжап, өзара талқылап жатты. Бірі бүгін "келешекті көретіндерін" айтты.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Айтпақшы, байқаудың негізгі тақырыбы да дәл осы болатын - The Future Worth Living In ("Өмір сүруге тұрарлық келешек").
Көрсетілім басталмас бұрын фестиваль негізін қалаушылар қонақтар алдына шықты - Tengrinews.kz тілшісі оларға бірнеше сауал қойып үлгерді.
AI-кино біздің болашағымызды өзгертеді
Astana AI Film Festival тең құрылтайшысы және креативті директоры Айзатулла Хуссейн категория атауының бекер таңдалмағанын айтты.
Айзатулла Хусейн. Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Мәселе мынада, біз болашақ өмірімізді болжайтын голливудтық фильмдерге үйреніп қалғанбыз. Бірақ көбінесе бұл - технология игілік емес, қауіп төндіретін постапокалипсис әлемі. Бұл фестивальде бәрін өзгерту туралы шешім қабылданды.

"Біз креаторларымыз болашақ туралы фильмдер түсірсе керемет болар еді деп ойладық. Бірақ жағымды болашақ. Бәрімізге жақсы, қызықты әрі позитивті болатын әлем. Сондықтан біздің фестивальдің тақырыбы - "Өмір сүруге тұрарлық келешек", - деп түсіндірді Айзатулла Хуссейн.

Финалға тек болашақты көрсетіп қана қоймай, оны нағыз кинематографиялық және эмоционалды түрде жеткізе білген фильмдер өтті. Айзатулла Хуссейннің айтуынша, көрерменнің кадрлар жиынтығын емес, нағыз фильмді көргені маңызды.
Сондықтан сценарий, кейіпкерлер және, әрине, режиссура - авторлардың осы элементтердің басын біріктіріп, қалай тұтас хикая шығара білгені аса маңызды болды.
Финалда екі қазақстандық бар
Фестивальдің тең құрылтайшысы Алмас Жәли 25 финалист фильмнің ішінде екі қазақстандық жұмыс барын айтты.
Алмас Жәли. Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Бізде екі қазақстандық бар. Жас, талантты жігіттер. Бұл олардың алғашқы жұмысы емес. Картина сапасы мен сюжеті өте бәсекеге қабілетті. Олар қазірдің өзінде The Dor Brothers сияқты ірі студиялармен таласа алады. Ал ол студия қазір әлемдегі үздік үштікке кіретін шығар", - деді Алмас Жәли.

Қалған жұмыстарды АҚШ, Канада, Италия, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің финалистері жасаған.
Анықтама: Биыл фестивальге әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім келіп түсті. Фестивальдің жүлде қоры 2 миллион долларды құрайды, оның ішінде 1 миллион доллар сыйлық ретінде берілсе, тағы 1 миллион доллар Қазақстандағы өндіріс пен AI-экожүйесін дамытуға бағытталған перспективалы AI-командаларға арналған инвестициялық капитал болып табылады.
"Мұндайды қалай ойлап табуға болады?"
Біз "шынымен де таңғалдырған сюжеттер болды ма?" деп сұрадық. Басыңда тек "мұндайды қалай ойлап табуға болады?" деген жалғыз ой қалатын кездер болды ма?
Айзатулла Хуссейн күлімсіреп: "Керемет идея әрқайсымызда бар. Біз жүздеген рет: "Шіркін, осы туралы фильм түсірсе ғой!" деп ойлағанбыз. Бірақ бүкіл сиқыр да, сонымен бірге бүкіл қиындық та - осы ойды алып, оны экранда шынайы жүзеге асыруда", - дейді.
Оның есінде Оңтүстік Кореялық креатордың хикаясы ерекше қалыпты. Автор ең қарапайым нәрсені - кәдімгі қалалық бағдаршамды алған. Күнде жұмысқа бара жатқанда жанынан өтіп жүретін бағдаршам. Қызыл, жасыл, адымдап бара жатқан адам бейнесі...

"Ол бағдаршам ішіндегі әр жолы шаршап, отыз секунд сайын ауысып, демалып тұратын кішкентай адамдардың өмірі туралы айтып берді. Олардың бірі жолдан өтіп бара жатқан бойжеткенге ғашық болады. Осылайша, көшедегі қарапайым темір кесегі махаббат туралы тебіреністі драмаға айналды. Бұл - фестивальге жіберілген мыңдаған хикаяның бірі ғана", - деді Astana AI Film Festival тең құрылтайшысы.

Тағы бір терең хикая - Mr. Gaudi бүркеншік есімімен танымал автордың туындысы. Оның фильмі A Face Only A Mother Could Love - "Тек ана махаббатына лайық жүз" деп аталады. Бұл - бет әлпеті деформацияға ұшыраған жігіт туралы оқиға. Оның ішкі жан айқайы, өзін қабылдауға тырысуы және сыртқы дүниемен күрделі қарым-қатынасы баяндалады.
Мыңдаған өтінім мен ұйқысыз түндер: қазылар алқасы үздіктерді қалай іріктеді?
"Біз ең көп дегенде үш мың өтінім түседі деп күткен едік, бірақ сегіз мың өтінім алдық - бұл нағыз шок болды!" - дейді фестиваль негізін қалаушы. Сонымен қатар AAIFF-тің басталуы жаңа нейрожелілердің шығуымен тұспа-тұс келіп, жұмыстардың сапасы барлық күткен үміттен асып түсті.
Алмас Жәли және Айзатулла Хусейн. Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Сегіз мың фильмнің ішінен екі жүзге жуығы өте лайықты болды, бірақ финалға тек 25-і ғана өте алды.

"Жұмыстарды іріктеу кезінде қатты таңғалдық. Бұл өте ауыр жұмыс болды. Біздің адамдар жиырма бес туындыны таңдап алу үшін түні бойы ұйықтамады. Біз ұзақ шешім қабылдадық. Ал креаторлар келгенде, осы жобалардың артында тұрған адамдардың шынымен де осы фестивальге қатысуға лайық екенін түсіндік", - дейді ол.

Голливуд монополиясының соңы ма?
Көрсетілімге өтпес бұрын қойылған соңғы сұрақ: "ЖИ киноиндустрияны қалай өзгертеді?" Айзатулла Хуссейн қысқаша жауап берді:

"Ол шекараларды жояды".

Сенегал мен Үндістаннан бастап Оңтүстік Кореяға дейінгі әлемнің 125 елінен келген жұмыстарды көрген ұйымдастырушылар мынаған сенімді: үйреншікті кинематограф жылдар бойы көрерменге қалыптасқан бірыңғай үлгілерге негізделген кино ұсынып келді. Ал нейрожелілер әркімге дауыс беру құқығын береді, бұл жаңа бағытқа көптеген тың, стандартты емес идеялар әкеледі.
Енді ауқымды кино түсіру үшін миллиондаған бюджеттің, Лос-Анджелестегі павильондардың немесе артында тұрған продюсерлер армиясының қажеті жоқ. Ноутбугі бар бір ғана талантты автор жалғыз өзі шедевр жасап, әлемге өзінің бірегей тарихын айтып бере алады.

"Шын мәнінде, біз Голливудтың тікелей децентрализациялануын бақылап отырмыз. Енді әркімнің өз фильмін жасап, оны бүкіл әлемге көрсету мүмкіндігі бар", - деді Хуссейн.

Көз жасы, күлкі және қошемет
Тең құрылтайшылармен өткен шағын сұхбаттан кейін барлық жиналған адам финалистер жұмысын тамашалауға шақырылды.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
300 адамдық зал қас-қағым сәтте толды.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Көрермендер асыға орындарына жайғасты, басында бәрі естелікке селфи жасау үшін телефондарын шығарған еді, бірақ бірнеше минуттан кейін залда жарық өшті.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Экранда алғашқы фильм пайда болды. Алғашқы минуттардан-ақ көрермендер болып жатқан оқиғаға толықтай еніп кетті. Сюжетке байланысты залда біреулер күлсе, енді біреулері көзіне жас алды, ал әр жұмыстан кейін қошемет көрсетілді.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Бүкіл көрсетілім бойы қараңғы залда бірде-бір телефон экраны жанбады деуге болады. Барлығы телефондарын ұмытып кеткендей әсер қалдырды.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) жабық көрсетілімі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Бар назар экрандағы оқиғаға ауды.
Көрсетілім аяқталғанда залда жаңғырған қошемет естілді. Көрермендердің бірі шығып бара жатып:

"Осы кеште сезімім бірде аспандап, бірде төмен түсіп, нағыз эмоционалды тербелісті бастан кештім", - деп әзілдеді.

Көрермендер тарай бастағанда, фойеде әңгіме-дүкен ұзаққа созылды: бірі өзіне ұнаған фильмді, ЖИ-кейіпкерлердің мимикасы мен графикасын талқыласа, енді бірі сюжет туралы дауласып, ал кейбірі жай ғана алған әсерлерін бөлісті.
Бұл кеште жұмыс авторлары қонақтарға алдындағылар жанды актерлер емес, жасанды интеллект екенін ұмыттыра алғандай сезім болды.
Astana AI Film Festival финалы 1-3 қазан аралығында Астанада Digital Bridge халықаралық форумы аясында өтеді. Бірақ финалистердің фильмдерін тек онлайн емес, 2 және 3 қазан күндері елорда кинотеатрларынан да көруге болады. Билет құны небәрі 100 теңге. Astana AI Film Festival жеңімпаздарының есімі 3 қазанда жарияланады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России