Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жанашырлық пен педагогика“: Францияда бірнеше күнге созылған оқушылар наразылығынан кейін тәсіл өзгерді

0

Франциядағы студенттер мен оқушылардың наразылық шараларына қарсы қолданылған қатаң шаралардан кейін үкімет тактикасын өзгертті: жасөспірімнің қолы жұлынып кеткеннен кейін полицияға жарық-шу гранаталарын пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Жүздеген мектептің жабылуы мен жаңа акцияларға шақырулар аясында Франция үкіметі студенттер наразылығына қатысты ұстанымын жұмсартып жатыр. Ішкі істер министрлігі полиция тактикасына түзетулер енгізілгенін және ішкі тергеулердің басталғанын хабарлады, ал министрлер кабинеті білім беруді қолдаудың қосымша шараларын жариялады.

"Жанашырлық" пен көбірек "педагогика" - Франция президенті Эммануэль Макрон мектептегі наразылықтарға қарсы тұрған полиция күштерінен осыны талап етті, деп мәлімдеді ішкі істер министрі Лоран Нуньес.

"Президент тәртіпті сақтау және ауыр зорлық-зомбылық болған сайын араласудың маңызын еске салып, сонымен бірге барынша пропорционалды түрде әрекет етуге шақырды", - деді Нуньес RTL радиостанциясына берген сұхбатында.

Франция премьер-министрі Себастьян Лекорню мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау үшін апта соңына дейін мектептерде "ішкі демократия кезеңін" жариялады. Ол полиция тарапынан репрессия болды деген болжамдарды жоққа шығарып, 12 қарашада парламент білім беруге 64 миллиард еуро - өткен жылғыдан сәл көбірек қаржы бөлінетін бюджетті талқылайтынын хабарлады.

Бүгін Париж орталығында тәртіпсіздіктерге қарсы полиция мен солшыл экстремистер арасындағы қақтығыстар жалғасуда ???????? https://t.co/iunuJfMyTi
- Visegrád 24 (@visegrad24) October 8, 2026
Францияда студенттердің акциялары күн сайын жалғасып жатыр. Одақтар 17 қазанда жалпыұлттық наразылық күнін жариялады, бес ірі мұғалімдер кәсіподағы бейсенбіде ереуілге шығатынын мәлімдеді. Білім министрі Эдуар Жеффрей Париждегі наразылық білдірушілермен кездесті.
Наразылық білдірушілер мұғалімдер санын көбейтуді, сыныптардағы оқушы санын азайтуды және мектептердегі жағдайды жақсартуды талап етіп жатыр. Одақтар орта және жоғары білімге 10 миллиард еуро инвестиция салуды, оқу жүктемесін қайта қарауды, жоғары оқу орындарына түсудің даулы жүйесін жоюды, полиция тарапынан зорлық-зомбылықты тоқтатуды және жатақханалар желісін кеңейтуді талап етіп отыр.
Франциядағы қазіргі мектеп наразылықтарын қазірдің өзінде "сары жилеттілер" қозғалысымен салыстырып жатыр. Кәсіподақтардың жаппай шерулері бүкіл ел бойынша студенттерді қолдады, ал акциялардың ұзақтығы шиеленістің күшейіп бара жатқанын көрсетеді.
Анықтама: "Сары жилеттілер" - 2018 жылы Францияда жанармай салығының көтерілуіне және әлеуметтік теңсіздікке қарсы пайда болған жаппай наразылық қозғалысы.
Бұған дейін елдің солтүстігіндегі Ланс қаласында 15 жастағы жасөспірім бүкіл Франция бойынша бірнеше күнге созылған студенттік наразылық кезінде полицияның арнайы бөлімшесі атқан гранатаны ұстап, қолынан айырылған болатын.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России