Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандықтардың маркетплейстердегі төлемдері туралы мәлімет салық органдарына беріледі

0

Қазақстандықтардың шетелдік компанияларға, соның ішінде маркетплейстерге аударған ақшасы Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауында. Банктер мұндай төлемдер туралы мәліметтерді комитетке жолдап отырады. Салық органдарына бұл ақпарат не үшін қажет және ол қалай пайдаланылады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компанияларға жасалған төлемдерді не үшін тексереді?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, еліміздің тұрғындарына интернет арқылы тауар сататын немесе электрон қызмет көрсететін шетелдік компаниялар Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеліп, тиіс салықты төлеуге міндетті.
Анықтама: Қосылған құн салығы (ҚҚС) – тауардың, жұмыстың немесе қызметтің бағасына қосылатын жанама салық. Оны түптеп келгенде тұтынушы төлейді.
Алайда бұл талапты орындамайтын компаниялар да бар.
Осындай заңбұзушылықтарды анықтау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың шетелдік компанияларға аударған қаражаты туралы банктер ұсынған мәліметтерді талдайды.

"Мұндай компанияларды анықтау мақсатында комитет екінші деңгейлі банктерден Қазақстан азаматтарының шетелдік компанияларға жасаған төлемдері мен ақша аударымдары туралы келіп түсетін мәліметтерге талдау жүргізеді", – делінген редакция сауалына берілген жауапта.

Маркетплейстердің сайты қандай жағдайда бұғатталуы мүмкін?
Егер салық органдары Қазақстанда ҚҚС төлеуге міндетті бола тұра, тіркеуден өтпеген шетелдік компанияны анықтаса, оған заң талаптарын орындау туралы хабарлама жібереді.
Компания белгіленген мерзімде тіркелмесе, оның сайтына Қазақстан аумағынан кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

"Шетелдік компания тиісті хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде шартты тіркеу талаптарын орындамаса, комитет заңнамада көзделген шараларды қабылдайды. Соның ішінде компанияның интернет-ресурсына Қазақстан аумағында кіруді шектеу үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жолданады", – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Wildberries, Ozon, Temu және AliExpress Қазақстанда салық төлей ме?
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Wildberries пен Ozon Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар арқылы жұмыс істейді. Сондықтан олар салықты елімізде белгіленген жалпы тәртіппен төлейді.
Ал Temu мен AliExpress арқылы қызмет көрсететін шетелдік компаниялар да Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркеліп, салық міндеттемелерін орындап отыр.
Осылайша, комитеттің мәліметінше, бұл төрт маркетплейстің ешқайсы қазір Қазақстанның салық заңнамасы талаптарын орындамаған шетелдік интернет-платформалар қатарында емес.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России