Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алданған қазақстандықтарға 5,9 миллиард теңге қайтарылды

0

Қазақстанда кейінгі жылдары интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 5,9 миллиард теңге қайтарылды. Үш жыл ішінде мұндай қылмыстардың саны 40 пайызға азайып, ашылу көрсеткіші 29,9 пайызға өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда интернет-алаяқтармен қалай күреседі?
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл құралдарының бірі Ұлттық банктің Антифрод-орталығы болды. Оның жұмысының арқасында 117 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталды.
Елімізде дропперлік үшін - қылмыстық жолмен алынған ақшаны аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Деректерді қорғау үшін қандай шаралар қабылданды?
Жеке деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілді. Бұдан бөлек, медициналық, банктік және басқа да маңызды мәліметтері бар базаларға қол жеткізу үшін міндетті биометрия енгізілді.
Ұйымдар азаматтарға деректердің таралып кеткені туралы хабарлауға міндетті. Еңбек кодексіне де қызметкерлерді кибергигиенаға оқыту туралы нормалар енгізіліп, аса маңызды нысандарды қорғауды бақылау Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.
Қазақстандықтар үшін қандай тегін сервистер қолжетімді?
Ақшаны және жеке деректерді қорғау үшін азаматтарға бірнеше құрал қолжетімді:

eGov Mobile-дағы "Стопкредит" - несие алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік береді. 2024 жылғы 1 маусымға қарай сервис 6,3 миллион рет қолданылған.
eGov-тағы қолжетімділікті бақылау сервисі - дербес деректерді өңдеуге берілген келісімдерді тексеруге және қайтарып алуға мүмкіндік береді.
NomadGuard - деректердің ықтимал таралуын тексеруге және фишингті анықтауға көмектеседі.
Киберсауаттылық курстары - eGov және CitizenSec платформасында қолжетімді.

Қазақстандықтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелері ескертілді: бөгде адамдарға SMS-кодтар мен парольдерді бермеу, сілтемелерді өтпес бұрын тексеру және екі факторлы аутентификацияны қосу.
Тағы оқыңыз: “Реквизиттерді жібер“: алаяқтар қазақстандықтарға әріптестерінің атынан қоңырау соға бастады





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России