Доллар 520 теңге: Жұманғарин пессимистік сценарий туралы айтты
Экономика дамуының пессимистік сценарийі бойынша доллар бағамы 520 теңгені құрап, мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтайдың пленарлық отырысы кезінде премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай жағдайда ЖІӨ-нің орташа өсімі 3,2 пайыз деңгейінде болады деп болжанады.
Шенеунік үкіметтің базалық сценарийге сүйенетінін және халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескеретінін түсіндірді. Оқиғалар жағымсыз бағытта өрбіген жағдайда, министрлер кабинеті бюджетті қайта есептеп, шығындарды қысқартады. Жұманғарин қысқартудың нақты бағыттарын атаған жоқ.
Базалық сценарийде үкімет мұнай бағасын барреліне 70 доллар, ал ЖІӨ өсімін жылына 5 пайыздан жоғары деңгейде белгіледі. Сонымен бірге Ұлттық банктің 2027 жылға арналған болжамы - 3,5 пайыз.
Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды
