Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Аулаға шығуға қорқады: аюлар Риддер тұрғындарын үрейде ұстап отыр

0

Риддер тұрғындары қала аумағы мен саяжай алқаптарында аюлардың пайда болғанына шағымданып отыр. Әлеуметтік желілерде жыртқыштардың видеолары мен іздерінің фотосуреттері тарап жатыр, алайда кейбір кадрлардың қай жерде түсірілгені әзірге нақты анықталған жоқ. Қалалықтар қараңғы түсе аулаға шығудан қорқады және балалары үшін алаңдаулы, ал мамандар аюлардың неге адамдарға жақындайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Риддер тұрғындарының чаттары мен әлеуметтік желілерінде аюлар бейнеленген видеолар мен олардың іздері түсірілген фотолар пайда бола бастады. Жыртқыштар түсірілген кадрлар қаланың әртүрлі ауданында, соның ішінде саяжай алқаптарында жасалған деп хабарланды. Дегенмен, түсірілім орнын әзірге нақты анықтау мүмкін болмады.
Осы жағдайға байланысты жергілікті тұрғындар қараңғы уақытта сыртқа шығуға сескеніп, балаларын мектептен күтіп алып жүр. Сондай-ақ олар көше жарығының жоқтығына шағымданады, бұл олардың пікірінше, жағдайды одан сайын ушықтырып отыр.
Елді мекендерде жабайы аңдар пайда болған мұндай жағдайларда Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері алдыңғы шепке шығады.

"Бүгінгі таңда аю мәселесі өзекті болып тұр. Біз үнемі Риддер бағытына шығамыз, жедел жасақ бұған дейін аюлар көрінген жерлерді, сондай-ақ өтініштер мен eOtinish арқылы хаттар түскен аумақтарды күзетіп жүр. Біз - өкілеттігі шектеулі мемлекеттік органбыз. Біздің негізгі функциямыз - барып, жануарларды айдап әкету, жыртқыштың адамға шабуыл жасауына жол бермеу. Біз аңдардың популяциясын реттей алмаймыз немесе өз бетімізше басқа шаралар қабылдай алмаймыз. Мысалы, қандай да бір жоспар әзірлеу - жоғары тұрған органның құзыретінде", - деді жедел жасақтың баспасөз хатшысы Мақсат Шәкіров.

Кейбір Риддер тұрғындары бұл мәселені тек үркітумен шектемей, түбегейлі шешу керек деп санайды. Бұл елді мекен үшін аюлар - үйреншікті құбылыс, өйткені қала тайга ішінде орналасқан.
Өткен жылы да аңдар қала аумағында, маңайдағы ауылдар мен демалыс базаларында көрінген болатын. Алайда биыл Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде болған қайғылы оқиғадан кейін аюлардан қорқу сезімі күшейе түсті. Ол жақта аю туристердің шатырына шабуыл жасап, қызды талап тастаған еді. Жақында дәл осы Ресей өңірінде аю 15 жастағы жасөспірімге тап берген.
ШҚО-да аюлар неге адамдарға жақындап жүр? Мамандар - биологтар мен аңтанушылар - аюлар санының артқаны туралы ортақ пікірде.

"Бұл жыртқыштарды азық іздеп, елді мекендерге кіруге мәжбүрлейді", - деп түсіндірді биология ғылымдарының кандидаты Константин Прокопов.

Аю шошқаны сүйреп әкеткен: ШҚО тұрғындары қорқынышты видеоны талқылап жатыр
Биыл қыркүйекте Tengrinews.kz оқырмандары редакцияға шошқаның өлексесін сүйреп бара жатқан аюдың видеосын жіберген болатын. Олардың айтуынша, бұл кадрлар Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында түсірілуі мүмкін.
Сол кезде Глубокое ауданының әкімдігі тұрғындардан дәл осы жағдай бойынша ешқандай өтініш түспегенін хабарлаған еді. Ондағылар видеоның басқа жерде түсірілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Сонымен қатар тамыздың соңы мен қыркүйектің басында жедел жасақ мамандары жабайы жануарлардың көрінгені туралы басқа да хабарламалар бойынша Глубокое ауданына шыққан болатын.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России