Тоқаев Еревандағы экологиялық саммитке барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Meridian Expo and Event орталығына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Еске сала кетейік, өткен бейсенбіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения астанасында өткен Биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты.
Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде өткен салтанатты шара аясында мәртебелі қонақтарға биоалуантүрлілікті сақтаудың және планетаның табиғи мұрасына ұқыпты қараудың жаһандық маңыздылығын паш ететін әсерлі интерактивті шоу ұсынылды.
Тағы оқыңыз: Өзара сенімді қалай қалыптастыруға болады? Тоқаев Бакудегі саммитте не ұсынды?
